Жылдық есеп • 2020
01. Компания бүгін

Даму тарихы

1998

«Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – РМК) «Сигнализация және байланыс шаруашылығын басқару жүйесін оңтайландыру туралы» бұйрығының негізінде «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЕМК) құрылды.

  • Тамыз. ҚР Үкіметінің «Қазақстан темiр жолы» РМК-ны қайта ұйымдастыру және оның құрамынан мемлекеттің 100% қатысуымен «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрі – ААҚ) бөлу жөніндегі шаралар туралы» қаулысы шығарылды.
  • Қараша. «Транстелеком» ААҚ бастапқы мемлекеттік тіркеу күні.
  • Автоматтандырылған биллинг жүйесін және техникалық есепке алу жүйесін енгізу.
  • Спутниктік байланыс желісі құрылды.
  • Деректерді беру желісінің тораптарын орнату және енгізу, сондай-ақ клиенттерге интернет желісіне қолжетімділікті қоса алғанда, жаңа қызметтердің кең ауқымын ұсыну басталды.
  • Қыркүйек. Алматы станциясында цифрлық автоматты телефон станциясын (бұдан әрі – АТС) енгізу.
  • Байланыс операторы ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – АҚ) желіге қосуға орталықтандырылған шартқа қол қойылды.
  • «Транстелеком» ААҚ атауы «Транстелеком» АҚ деп өзгертілді.
  • 30-дан астам жаңа цифрлық АТС орнатылды.
  • Наурыз. Ұзындығы 1 340 километр болатын Алматы-Астана учаскесінде ТОБЖ құрылысы аяқталды.
  • Сәуір. Байланыс желілерін басқару орталығын ашу және ТОБЖ мониторингі мен әкімшілендірудің бірыңғай жүйесін іске қосу.
  • Қараша. ИСО 9001-2000 Халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сәйкестік сертификаты берілді.
  • Наурыз. Германияның Ганновер қаласындағы CEBIT халықаралық телекоммуникациялық көрмесіне Қоғамның қатысуы.
  • Наурыз. Қоғам Халықаралық Қордың «Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін» алтын медалімен марапатталды.
  • Қараша. Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған 2 АПСК 120/120 және АТ-ПС-ПД 72/64 телеграф станциялары бірінші «Вектор-2000» цифрлық Телеграф коммутациялық серверіне ауыстырылды.
  • Қыркүйек. «ПОТОК» автоматтандырылған есептеу жүйесі енгізілді.
  • Қаңтар. АТ-ПС-ПД жұмыс істеп тұрған 6 телеграф станциясын бір «Вектор-2000» цифрлық Телеграф коммутациялық серверіне ауыстыра отырып, Астана (2 дана), Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Екібастұз қалалары бойынша телеграф станцияларын жаңғыртудың басталуы.
  • Ақпан. Бастапқы магистральдық желі және ТОБЖ учаскелерінің қызметін үйлестіру үшін «Бастапқы магистральдық желі» орталығы құрылды.
  • Наурыз. Қоғам тарихында алғаш рет «Orange» үшін сыйымдылығы 45 Мбит Астана-Лондон арнасы ұйымдастырылып, пайдалануға берілді.
  • Сәуір. Алматы-Астана учаскесінде ҚТЖ-ның жедел-технологиялық байланысының SDH желісі салынды (жабдық конфигурациясы, бағдарламалық жасақтама және тестілеу жүргізілді).
  • Шілде. Алматы, Шу, Көкшетау, Қарағанды, Астана қалаларында магистральдық желінің аумақтық учаскелері құрылды.
  • Тамыз. Қоғамның ресурстарын ұтымды пайдалану үшін, сондай-ақ Қазақстаннан тыс клиенттерге сервис ұсыну бойынша жедел жұмыс үшін сыйымдылығы STM1 болатын Мәскеу қаласында М9 виртуалды РОР торабы ұйымдастырылды.
  • Қазан. Астана-Петропавл-Атырау STM1 деңгейіндегі арнаны тестілеу аяқталды, бұл Атырау филиалының телефония желілерін Алматы, Қарағанды, Астана, Көкшетау қалаларының филиалдарымен біріктіруге, сондай-ақ Атырау қаласындағы клиенттер үшін арналарды жалға беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.
  • Қазан. «British Telecom» компаниясы үшін екі VC3 Гонконг-Алматы–Мәскеу тестілеуі өткізілді. Қазақстанның басқа қалаларында Қоғамның көлік желісі бойынша «British Telecom» жобалары іске асырылуда.
  • Желтоқсан. Alcatel-Lucent компаниясымен ірі магистральдық көлік желісін жеткізу және монтаждау туралы шартқа қол қойылды. Жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырды.
  • Бір жыл бұрын пайдалануға берілген 128 спутниктік байланыс жүйесі «РҒБО» АҚ-да электромагниттік үйлесімділіктен өтті және кейіннен радиожиілік спектріне рұқсат ала отырып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде тіркелді.
  • Маусым. Астана – Алматы – Астана қатынасындағы «Тұлпар-1» және «Тұлпар-2» фирмалық пойыздары үшін деректерді беру қызметтерін коммерциялық пайдалануға енгізу жүргізілді (Қоғамның 01.06.2010 ж. № 174-П бұйрығы).
  • Маусым. Алматы е/м-дегі Ортақ Пайдаланылатын Телекоммуникациялар Желісіне (бұдан әрі – ОПТЖ) транзиттік телефон трафигін ұйымдастыру және трафикті халықаралық бағыттар бойынша және ұялы операторлар желісі бойынша өткізу үшін «KazTransNet» ЖШС және «Space.KZ» ЖШС оператор желісін Қоғам желісіне қосу.
  • Шілде. Мемлекеттік комиссияның қаулысымен ОП-39 HUB (орталық басқару станциясы) пайдалануға қабылданды.
  • Тамыз. Астана қаласындағы Қоғамның басқару станциясына «Жоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысы» деректер мен дауысты берудің жерүсті спутниктік желісін (ОП-39) ауыстыру жүргізілді.
  • Қыркүйек. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) шешімі негізінде БКБ ұйымдастыру үшін № 3 медициналық пойызда деректер мен дауыстарды берудің спутниктік терминалы орнатылды.
  • Жобалау және даму басқармасы Қоғамды Новоишимский елді мекеніне ОПТЖ-ға қосу бойынша жұмыстар жүргізді.
  • Қыркүйек. Байланыс арналарын ұйымдастыру және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерін магистральдық желіге қосу үшін ұзындығы 3,9 мың км магистральдық кабельден талшықтар тармақталды. Сол кезде ТОБЖ жалпы ұзындығы 6,6 мың км құрады.
  • Ұзындығы 96 км Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінде ТОБЖ құрылысының бірінші кезеңі іске асырылды.
  • ТОБЖ трассасының бойында орналасқан мониторингті басқару жүйесі (кабельдік желі) іске қосылды.
  • «Астана-Щучинск ақылы жолы» жобасы бойынша арнаны ұйымдастыру және «ЭнергоРемСервис» компаниясы үшін ақылы жолдар үшін коммутатор мен маршрутизатор жабдықтарын баптау жүзеге асырылды, «Қазсатнет» және «Астел» компанияларымен бірлесіп «Мониторингке арналған сервис» (Vlan), «Қазтелепорт« компаниясымен бірлесіп «Ақы алуға арналған сервис».
  • 20 т/ж станцияларында SkyEdge-1 спутниктік байланыстың жаңа жер станцияларын орнату бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
  • Жыл қорытындысы бойынша «Энергодиспетчерлік тартым» (ЭДТ АБЖ) автоматтандырылған басқару жүйесінің стратегиялық жобасы шеңберінде ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенімен жарақтандырылды және 856 тепловоз секциясы мен 983 электровоз секциясы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
  • ТОБЖ ұзындығы 8 139 км құрайды.
  • «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» медициналық пойыздары үшін телефония, интернет желісі және бейнеконференцбайланыс қызметтерін ұсыну бойынша жұмыстар тұрақты негізде ұйымдастырылған.
  • Қоғамды жекешелендірудің басталуы.
  • Қыркүйек. «Кайдзен/Үнемді өндіріс» өндірісін жақсарту және басқару жөніндегі процесті өрістету.
  • Желтоқсан. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің №1141 қаулысына сәйкес Қоғам 26% минус 1 акция басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын активтер тізбесіне енгізілді.
  • Желтоқсан. Парижде Қоғам «Ekinops» компаниясының 100G DWDM оптикалық көлік жабдығын елдің бүкіл аумағын қамтитын оптикалық желіге және Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы ірі желінің бір бөлігі болып табылатын Қытаймен шекараға орналастырды.
  • Желтоқсан. Қоғамның Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығына кіруі.
  • ЭДТ АБЖ жобасы шеңберінде локомотивтерді ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенімен жарақтандыру аяқталды; жоба басталғаннан бері барлығы 1 240 тепловоз секциясы және 1 043 электровоз секциясы жарақтандырылды.
  • ТОБЖ ұзындығы 10 954,2 км құрайды.
  • «Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды аяқтау. ҚР бойынша теміржол магистраліне таралудың басталуы.
  • Ақпан. Қоғам – Трансформациялау Жол картасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін IT-шешімдерді, автоматтандыру және телекоммуникациялар жөніндегі шешімдерді енгізу жөніндегі бірыңғай интегратор.
  • Ақпан. Қоғамның Куәландырушы орталығын аккредиттеу және жұмысқа енгізу.
  • Мамыр. Ресей мен ТМД-дағы телекоммуникациялық көлік желілері нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы ең ірі іс-шараға – «Transport Networks Russia 2016» VII Халықаралық конференциясына қатысу.
  • Мамыр. Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына ресми демеушілік, онда Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 12 лицензия ойнатылды.
  • Маусым. Қоғамның акциялар пакетінің 49%-ын сатып алу-сату шарты күшіне енді.
  • Шілде. Одақтың хабарламасы бойынша «Ұлттық бизнес-рейтинг» Қоғамға «Сала көшбасшысы» мәртебесі беріледі.
  • Тамыз. ОҚО-да уран өндіруші кәсіпорында «Цифрлық кеніш» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді.
  • Тамыз. 1-ші жазғы Спартакиада Қоғам тарихында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 16 спорт командасына өз есігін айқара ашты.
  • Қараша. China Telecom Global Limited пен Қоғам арасындағы екіжақты кездесу аясында «250 адамнан астам халқы бар ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен (бұдан әрі – КЖҚ) қамтамасыз ету» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • Қараша. Қоғам «ASTEX-2016» ірі халықаралық көрме-конференциясының бас серіктесі болды.
  • ТОБЖ ұзындығы 15 000 км-ден асады.
  • 26% минус 1 акцияны сатудың ашық екі кезеңді конкурсының қорытындысы шығарылды, жеңімпаз анықталды.
  • Қоғамның 2026 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.
  • «SOC» – Security Operation Center киберқауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша қызметтерді іске қосу.
  • Қоғамның жаңа ұйымдық құрылымы күшіне енді.
  • «АСТАНА ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің серіктесі.
  • 191 бірыңғай қоңырау шалу нөмірі бар Қоғамның байланыс орталығы ашылды.
  • Қоғам ребрендинг өткізді. Ребрендингтің бір бөлігі – тауар белгісін «Транстелеком» белгісінен «TTC» белгісіне ауыстыру.
  • «Транстелеком» АҚ бокстан Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жектің жарнамалық серіктесі болды.
  • Қоғам дарынды жастарды іздеп бакалавриат түлектері арасында олимпиада өткізеді.
  • Қоғам Waves Platform-пен Қоғамның Vostok блокчейн-платформасы негізінде интеграция бойынша серіктестік туралы келісімге қол жеткізді.
  • Астана қаласында «Изумрудный квартал» бизнес орталығы ғимаратының жанында екі жаңа модульдік Деректерді өңдеу орталығын (бұдан әрі – ДӨО) өнеркәсіптік пайдалануға енгізу.
  • «Транстелеком» АҚ алғашқы бұлтты провайдер ретінде жекеше бұлтты Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісіне қосты.
  • Шілдеде басталған ҚТЖ SAP виртуалды инфрақұрылымының «Транстелеком» АҚ-ның ескі бұлтынан жаңасына табысты ұзақ мерзімді көші-қоны аяқталды.
  • Қоғам қазақстандық ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша Қазақстандағы ірі бірлескен МЖӘ жобасына шарт жасасты.
  • «Smart Almaty» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының метросында тегін Wi-Fi іске қосу.
  • «Транстелеком» АҚ Қазақстандағы фискалдық деректер операторы болып анықталды, ФДО қызметін іске қосу.
  • Қытайдан Ресей мен Еуропаға дейінгі жаңа транзиттік дәлізді іске қосу – 500 Гбит/с-тан басталатын қабілеті бар іске қосу.
  • Сбербанктың BI.ZONE еншілес компаниясымен бірлесіп Қазақстанда киберқауіпсіздік бойынша қызметтер көрсету үшін бірыңғай платформа құру.
  • «WOW!HR» халықаралық бизнес-сыйлығының «LEVEL UP» номинациясындағы жеңіс, «Жақсартуға тарту. Транстелеком бойынша геймификация».
  • Жыл сайынғы «HR-бренд Орталық Азия 2019» премиясында «TTC Digital HR» жобасымен «Қазақстан» номинациясындағы жеңіс.
  • Ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар іске асырылды – жоба Қазақстанның 9 облысын қамтыды.
  • «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 429 елді мекенді Интернет желісіне КЖҚ-ға қосу бойынша «ҚР ауылдық елді мекендерін ТОБЖ технологиясы бойынша КЖҚ-мен қамтамасыз ету» жобасы аяқталды.
  • TTC – Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларында клиент үшін ақпараттық ресурстар инфрақұрылымы бар ДӨО ғимараттарын салу бойынша жобаны іске асырған ірі компаниялардың бірі.
  • «Транстелеком» АҚ блоктарының функционалдық стратегиялары бекітілді.
  • TTC бизнесінің тиімділігін арттыру және нарықтың жаңа сын-қатерлерін табысты еңсеру үшін 2020 жылы жаңа ұйымдық құрылым енгізілді. Ұсынылып отырған құрылым Адизес институтының өзгерістерін басқару әдіснамасына негізделеді және сыртқы ортаның, инновациялардың өзгерістеріне тез әрекет ете алатындай етіп құрылған және бірегей құзыреттерді жинақтауға бағытталған.