Қатысу географиясы
«Транстелеком» АҚ ҚР ірі байланыс операторларының бірі болып табылады. Қоғамның бүкіл Республика бойынша тармақталған филиалдық желісі (14 филиалы) бар.
Даму стратегиясы
2020 жылы «Транстелеком» АҚ 2019 жылы қабылданған стратегияны іске асыруды жалғастырды. Стратегия телекоммуникациялық қызметтер операторынан халық, мемлекет және бизнес үшін цифрлық әріптеске айналдыруға бағытталған.
Миссиясы
Компанияның бірегей қабілеттеріне сүйене отырып, қазақстандықтарды цифрлық әл-ауқатқа жетелеу:
Ақпараттық қауіпсіздік
орталығы SOC
Аттестатталған Куәландыру
Орталығы Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясының
аумағында заңды ЭЦҚ-мен
Өзінің талшықты-оптикалық
магистральдық желісі, еліміздің
барлық ірі қалаларын бірыңғай
желіге біріктіреді
Бірегей АКТ жобаларын
іске асыру тәжірибесі
Халықаралық,
трансшекаралық өткелдер
Шешім қабылдауда
жылдамдық пен икемділік
Болжам
Компанияның пайымы – бұл жеке және мемлекеттік секторларда ірі кешенді жобаларды іске асыратын және жеке тұлғалар мен ұйымдарға қызметтердің кең спектрін көрсететін АКТ қызметтерінің кең спектрінің әртараптандырылған операторы ретіндегі Қоғам.
Мұндай пайымдаудың негізгі фактілері:
- Нарықтың барлық сегменттерінде қызмет көрсету;
- Қызмет көрсету мен жобаларды іске асыруды үйлестіру;
- Дәстүрлі байланыс қызметтерін, сондай-ақ АТ және бұлтты қызметтерді біріктіретін қызметтердің үлкен портфелінің болуы.
Құндылықтар
Біз бір-бірімізді құрметтейміз
Клиенттерді, серіктестерді, бәсекелестерді тең деп қабылдау, олардың өзіндік құндылықтары мен мақсаттарының болуын қабылдау, оларды тыңдай және ести білу, байланыс нүктелерін табу және өзара тиімді қарым-қатынас құру, егер бұл Қоғамның құндылықтарына қайшы келмесе.
Біз үздіксіз жетіліп отырамыз
Қоғам көрсетілетін қызметтердің сапасы мен клиенттер үшін оларды пайдалану ыңғайлылығымен, сондай-ақ өз қызметін, қызметкерлердің біліктілігін және олардың Қоғам қызметіне тартылуын, бизнес-процестер мен рәсімдердің тиімділігін, Қоғамның ұйымдық құрылымын жетілдірумен үздіксіз жұмыс істейді.
Біз сенімді компаниямыз, өз атымызды бағалаймыз
Қоғам сенімді қызмет көрсетуші және серіктес, әлеуметтік жауапты және заңға бағынатын нарық ойыншысы беделін сақтау және арттыру үшін күш салады.
Инвестициялық тартымдылық
Қазақстанның телекоммуникация саласы ұзақ мерзімді инвесторлар үшін де, қысқа мерзімді инвесторлар үшін де экономиканың тартымды сегменті болып табылады.
Бұл ретте Қоғам тұрақты ақша ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және технологиялар мен клиенттердің қалауларының жылдам өзгеруімен толықтырылған күрделі макроэкономикалық жағдайлардың өзінде лайықты операциялық нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік беретін күшті бәсекелестік артықшылықтарға ие.
«Транстелеком» АҚ нарықтық сын-қатерлерге табысты жауап беріп қана қоймай, жаңадан пайда болған мүмкіндіктерді де тиімді пайдаланады. Сапалы активтердің, жолға қойылған бизнес-процестердің және жинақталған құзыреттердің арқасында Қоғам өз қызметінің негізгі сегменттерінде тұрақты өсуді көрсете алады.