Жылдық есеп • 2020
03. Операциялық қызмет

Клиенттік база

Жеке тұлғалар да, корпоративтік пайдаланушылар да, байланыс операторлары да Қоғамның клиенттері болып табылады. Біздің серіктестер – бұл сапалы телекоммуникациялық қызметтер бизнес жүргізудің қажетті шарты болып табылатын ірі компаниялар.

Көптеген жылдар бойы Қоғамның корпоративтік клиенттерінің қатарына British Telecom, ChinaTelecom, China Mobile, China Unicom, RETN, Veon, МегаФон, CenturyLink, Orange және басқа да белгілі халықаралық байланыс операторлары кіреді, бұл ең жоғары деңгейде сенімді ынтымақтастық жүргізу мүмкіндігін куәландырады.

Магистралдық деңгейдегі Оператор бола отырып, Қоғам тіркелген және жылжымалы байланыспен айналысатын «танылған» және «баламалы» барлық байланыс операторларымен өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі. Магистральдық және өңірлік операторлардың мүмкіндіктері әрқашан бір-бірін тиімді толықтырады, бұл оператораралық өзара іс-қимылдың тартымды схемаларын іске асыру үшін объективті негіз жасайды.

Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікмен Республикасының (іске асыру сатысында) байланыс операторларымен халықаралық түйістер бар. Осы халықаралық түйістер «Транстелеком» АҚ-ға ҚР ішкі нарығында бастапқы провайдер мәртебесін береді, әртүрлі провайдерлерден интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін сатып алуға, сол арқылы интернетке қол жеткізу қызметтерінің толық резервін құруға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық түйістер халықаралық серіктестерден байланыс арналары мен транзиттік арналарды Орта Азия мен Қытай елдеріне жалға алуға жаңа тапсырыстар алуға мүмкіндік береді, осылайша Қоғамның табысын едәуір арттырады.

Магистральдық ТОБЖ «Транстелеком» АҚ