«Транстелеком» АҚ өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын біріктіре отырып, Тұрақты дамудың 17 мақсатын ұстанады. «Транстелеком» АҚ ТДМ әрқайсысы көрсететін экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді.
2020 жыл 2030 жылға қарай Мақсаттарға қол жеткізу бойынша батыл іс-қимылдардың онжылдығын ашады.
Қоғам өзі қатысатын жерлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инновациялық технологиялардың, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларының көмегімен өз қызметтерінің сапасын арттыруға, қызметтің ашықтығына, экологиялық мәселелерге теріс әсерді азайтуға зейін қояды.
Қоғам келесі принциптердің орындалуын өз мойнына алды:
- адам құқықтарын сақтау саласында: халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарын сақтауды қолдау және құрметтеу, адам құқықтарын бұзуға өзінің қатыспауын қамтамасыз ету.
- еңбек қатынастары саласында: қауымдастықтар бостандығын қолдау және ұжымдық шарттар жасасу құқығын іс жүзінде тану, мәжбүрлі еңбектің барлық нысандарын жоюды қолдау, балалар еңбегін толық жоюды қолдау, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдау.
- қоршаған ортаны қорғау саласында: қоршаған ортаға теріс әсерлердің алдын алуға ықпал ету, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдау, экологиялық таза технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесу.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында: бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұру.
«Транстелеком» АҚ 3 500-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Қоғам қызметкерлері тұрақты өсудің басты құрамдас бөлігі болып табылады және Қоғам қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аударады. Қоғамның кадр саясаты кадр әлеуетін нығайтуға, ынталандырудың тиімді жүйесін құруға және персоналдың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған. «Транстелеком» АҚ-да Корпоративтік басқару кодексін, Кадр саясатын, қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, Қоғамның тұрақты даму саласындағы іс-қимылын реттейтін құжаттар әзірленді, сондай-ақ Қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын айқындайтын Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты әзірленуде. Энергия тиімді және экологиялық таза технологияларды енгізу «Транстелеком» АҚ қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.
«Транстелеком» АҚ-ның қоғамдастыққа қосқан үлесі
| Наименование | Өлш. бірлігі | 2019 | 2020 |
|---|---|---|---|
| Акционерлер | |||
| Дивидендтер | млн теңге | 1 580 | – |
| Қызметкерлер | |||
| Қызметкерлердің жалпы саны | адам | 3 171 | 3 568 |
| Еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар | млн теңге | 9 524 | 10 602 |
| Оқуға инвестициялар | млн теңге | 180 765 | 69 042 |
| Зейнетақы қорына қаражат енгізу | млн теңге | 893 | 947 |
| Еңбек қауіпсіздігін арттыруға арналған шығындар | млн теңге | 68 | 77 |
| Мемлекет | |||
| Пайда салығы | млн теңге | 1 104 | 1 240 |
| Қоғам | |||
| Мүшелік жарналар, кәсіподақтарға төлемдер, қайырымдылық бағдарламалар | млн теңге | 46 | 52 |