«Транстелеком» АҚ ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) қамтамасыз етеді. ІАҚ қызметіне жетекшілік етуді Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Қызметтің басшысы мен қызметкерлерін Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды.
2020 жылы ІАҚ бекітілген Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес 7 жоспарлы аудиторлық тексеру жүргізді.