Жылдық есеп • 2020
06. Корпоративтік басқару

Корпоративтік
хатшының қызметі

Корпоративтік хатшы институты Қоғам акционерлері, Директорлар кеңесі және атқарушы орган арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қолдауға арналған. Осы өзара іс-қимыл аясында корпоративтік хатшының қызметі меншік иелерінің мүдделері үшін Қоғамның дамуын басқарудың тиімділігін арттыруға, Қоғамның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, оны капиталдандырудың өсуіне және бизнестің кірістілігін арттыруға бағытталған. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері:

  1. Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының ҚР корпоративтік басқару саласындағы заңнамасын, листинг қағидаларын (бағалы қағаздар қор биржасында айналыста болған кезде), Жарғыны, Корпоративтік басқару кодексін және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын сақтауын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруді қамтамасыз ету
  2. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету
  3. ҚР заңнамасының, Жарғының және Қоғамның өзге ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдер қабылдауын қамтамасыз ету
  4. Қоғам туралы маңызды ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды, сондай-ақ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету
  5. Қоғам органдары арасында, оның ішінде Қоғам мен Акционерлердің жалпы жиналысы арасында нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Корпоративтік хатшы туралы ереже Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 17 қарашадағы шешімімен бекітілген (№9/2016 хаттама). Ережеге сәйкес корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің не Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылмайтын Қоғамның қызметкері болып табылады, оны Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді.