IT-жобаларды табысты іске асыру Қоғамның нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2020 жылы мынадай жобалар іске асырылды: IT-инфрақұрылымды басқару бойынша қызметтер, баспа сервисі, бейнеконференцбайланысты ұйымдастыру, IT-шешімдерге техникалық/ сервистік қызмет көрсету, бейнебақылау және ҚББЖ, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу/есептеу/жасау бойынша жұмыс, өрт/күзет сигнализациясына/сөндіру/бейнебақылау жүйелеріне және ұқсас жабдыққа техникалық қызмет көрсету, «толық аяқталған» ақпараттық технологиялар саласындағы кешенді жұмыстар, виртуалды дата-орталық қызметі, WEB-сервис қызметі, авторизациялау, автокөлік үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануды талдаумен бейнебақылау жүйесі бойынша жұмыстар, жергілікті желілерді, сolocation құру бойынша жұмыстар, талшықты-оптикалық байланыс кабелін шығару бойынша жұмыстарды орындау бойынша қызметтер, жарықтандыру жүйесін монтаждау, инфрақұрылым желілерін салу, GPS-мониторинг жүйесі арқылы автокөлік құралын мониторингілеу қызметтері және т.б.
