Құрметті акционерлер, инвесторлар,
серіктестер мен клиенттер!
Жаңа ақиқат цифрлық технологиялардың халық үшін ерекше маңыздылығын көрсетті. Қоғам пандемия кезінде қазақстандықтарды тұрақты байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті.
Осылайша, «Көкшетаутранстелеком» Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, тұрғындарға қысқа мерзімде қызмет алуға көмектесу үшін тәулік бойғы call-орталығын іске қосты. Сондай-ақ 200 төсекке арналған Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы жедел түрде интернетке қосылды. «Қостанайтранстелеком» АҚШ тәжірибесі бойынша құрылған iKomek бірыңғай байланыс орталығы үшін жобаны іске асырды, онда шұғыл емес хабарламалар бойынша 311 нөмірі жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы ретінде филиал коронавирустық инфекцияны емдеу үшін жұқпалы аурулар ауруханасын интернетпен қамтамасыз етті. «Астанатранстелеком» 200 төсек-орынға есептелген «COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын» сымсыз интернетке, телефонияға қосып, дәрігерлер мен пациенттерге сымсыз Wi-Fi технологиясы бойынша байланыс орнатты.
Бұдан басқа, компания «Дегдар» гуманитарлық қорымен, «Technodom», «Астана-Моторс» мотор компаниясы» компанияларымен, «Аллюр» компаниялар тобымен, сондай-ақ «Аяла» жеке қайырымдылық қорымен, Дмитрий Самарцевтың, Рустам Баялиевтың, Диас Оспановтың тұлғасында Қазақстандағы BI.ZONE компаниясымен және қайырымдылық науқанының басқа да қатысушыларымен бірлесіп өткізілетін «ZHANARTU» қайырымдылық қорының науқанына қатысты, онда серіктестердің күш-жігерінің арқасында Қазақстанның медициналық мекемелері үшін өтеусіз негізде 300 данада 7F-10 оттегі концентраторы және 26 данада Positive Airway Pressure Units YH-830 (Bi-level) with Independent Humidifier with LCD screen өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды.
Сондай-ақ, Қоғам артып келе жатқан әлеуметтік жүктемеге қарамастан, бизнес-серіктестермен өзара іс-қимыл процесін тоқтатқан жоқ. Мәселен «Қызылордатранстелеком» «Батыс Тұзкөл кен орнында бейнебақылау теңшеу жұмыстары» жобасын «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС-мен бірлесіп іске асыруды бастады. Бұл жоба «Батыс Тұзкөл» кен орнының 63 объектісінде жылуға ден қою камераларын орнатуды көздейді. Жоба ірі жер қойнауын пайдаланушылар арасында Қоғамға өзін танытуға және одан әрі қосымша кен орындарын қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, филиал Сырдария өзенінің сол жағалауындағы аумағы 1 532 гектар жаңа қаланы GPON технологиясы бойынша интернет желісіне қосады, онда 3 млн м2 астам тұрғын үй салынады, оның 1 млн м2 2025 жылға дейін салынады. Мұндай тұрғын үй алаңы 2025 жылға дейін 50 мыңнан астам тұрғынды және жобаны іске асыру соңында 155 мыңнан астам тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Семейтранстелеком» 15 ауылдық елді мекен мен 53 мемлекеттік мекемеге талшықты-оптикалық желі жүргізді. Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 138,9 км-ден асады. Қоғам филиалы мектептерді, ауруханаларды, балабақшаларды, жергілікті атқарушы органдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосты, оқу жылы басталғанға дейін жергілікті тұрғындарды жедел тәртіппен интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етті. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Максам Қазақстан» ЖШС, «Технобур Қазақстан» ЖШС және «Әуезов коммуналдық желілері» ЖШС сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырды.
Smart-қалалардың даму векторы да назардан тыс қалған жоқ. Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары интернетті кез келген уақытта тегін пайдалану мүмкіндігіне ие болды: «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат» және «Жастар» сияқты төрт қалалық саябақтарда WiFi тегін желісі орнатылды.
Қоғам білім беру платформаларын белсенді іске асырғанын, денсаулық сақтау саласымен және үкіметпен жұмыс істегенін және қызметтерге қосылуды жеке тұлғалар үшін ғана тегін етіп қоймай, бизнеске де көмектескенін айта кеткен жөн. Осылайша, Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдауды ұйымдастыру мақсатында Қоғам фискалдық деректер операторы ретінде өз қызметтеріне өтеусіз абоненттік төлем белгіледі.
«Транстелеком» АҚ тез өзгеретін жағдайларда жұмысты құрудың мүлдем жаңа тәжірибесін ала отырып, осы қиын уақытта стресс-тесттен өтті. Бұл компанияда кәсіби мамандардың жұмыс істейтіндігінің арқасында мүмкін болды.
Директорлар кеңесінің атынан Қоғамның барлық қызметкерлеріне көрсеткен ұстамдылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғысымды білдіремін. Біз өз брендіміздің мүмкіндіктерін дамытуды және «Транстелеком» АҚ инвесторлары мен клиенттерінің мүддесі үшін тиімді жұмыс істеуді жалғастыратынымызға сенімдімін.

Әлиев Нұрәлі
Рахатұлы
«Транстелеком» АҚ
Директорлар кеңесінің төрағасы