Жылдық есеп • 2020
06. Корпоративтік басқару

Тәуекелдерді
басқару

«Транстелеком» АҚ тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын Қоғамның құны мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге және олардың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған Қоғамның корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде түсінеді. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару саясаты Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылады.

ТБКЖ тәсілдері

Тәуекелдерді тиімді басқару келесі бес қадамнан тұратын үздіксіз және циклдік процесті қажет етеді:

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процесінің негізгі нәтижелері мен қорытындылары тәуекелдер мен оларға ден қою, Қоғамның тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру және қолдау жөніндегі іс-шаралар бойынша тұрақты есептілік нысанында көрсетіледі. Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру шеңберінде 2020 жылы мынадай бірқатар түйінді іс-шаралар өткізілді:

  1. Қоғамның сыни тәуекелдерін сипаттаумен және талдаумен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді азайту бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша мәліметтермен тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есептер дайындалды.
  2. Жыл бойы Қоғамның тәуекел-менеджерлері қаржылық, инвестициялық, сыни және орын алған тәуекелдер бойынша есептер мен сараптамалық қорытындыларды қосымша дайындады, сондай-ақ Қоғамның бизнес-процестерін қадағалау бойынша жұмыстар жүргізді.
  3. Тәуекелдер бойынша біліктілікті арттыру және Қоғамда тәуекел-мәдениетін дамыту мақсатында 2020 жылы КТБЖ білімін кейіннен тестілеумен тәуекел-үйлестірушілерге арналған жыл сайынғы тренинг өткізілді.