Жылдық есеп • 2020
01. Компания бүгін

Акционерлік
капиталдың құрылымы
және бағалы қағаздар

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ жекешелендіруге және бәсекелес ортаға иеліктен шығаруға жататын компаниялар тізіміне енді.

Мәселен, 2015 жылғы мамырда Қоғам акцияларының 49 пайызы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ өткізген екі кезеңді ашық конкурс тәсілімен өткізілген сауда-саттықтың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 107 қаулысының нәтижесінде сатылды.

2018 жылғы мамырда «Транстелеком» АҚ-ның бір акциясын алып тастағанда акциялар пакетінің тағы 26 пайызы ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен сауда-саттық нәтижесінде жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде сатып алынды.

2020 жыл ішінде Қоғамның жарғылық капиталында өзгерістер болған жоқ және қосымша акциялар орналастырылмады.

Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 22 шілдедегі шешімімен (№7/2019 хаттама) ішкі нарықта 22 млрд теңгеден аспайтын сомаға облигацияларды шығару туралы шешім қабылданды.

2020 жылғы 10 қаңтарда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жылдық 11,5% купондық мөлшерлемемен 10 000 000 мың теңге мөлшерінде Қазақстан қор биржасында шығарылған Компанияның облигацияларын сатып алды.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның акционерлері: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – иелену үлесі

25%
плюс 1 акция

Мұханов М.С. – иелену үлесі

75%
минус 1 акция

Акцияларды шығару және орналастыру туралы толық тарихи анықтама 2017 жылғы жылдық есепте «Акционерлік капиталдың құрылымы» бөлімінде көрсетілген.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы
жағдай бойынша жарғылық капитал

12 241 487
мың теңге

(он екі миллиард екі жүз қырық бір миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге) мөлшерінде қалыптастырылды.

Қоғамның жарияланған жай
акцияларының жалпы саны орналастырылды

6 471 089
дана

Артықшылықты акциялар қарастырылмаған.

Бір акцияның
номиналды құны

1 000
теңге

оның ішінде: орналастырылды

5 638 097
дана

орналастырылмаған

832 992
дана

Жарияланған жай
акциялардың саны

6 471 089
дана

Акцияларды орналастырудан
тартылған ақша қаражатының сомасы

12 241 487 000
теңге

Облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес шығарылған облигациялардың айналым мерзімі – 12 жыл. 2020 жылғы 13 шілдеде облигациялар бойынша 575 000 мың теңге сомасында алғашқы купондық сыйақы төленді.

«Транстелеком» АҚ ұзақ мерзімді құнның өсуін және қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету арқылы акционерлердің мүдделерін сақтауға ұмтылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының 2016 жылғы 04 тамыздағы шешімімен Дивидендтік саясат бекітілді (№1 хаттама).

Қоғамның дивидендтік саясатының мақсаты Қоғам мен Акционерлер мүдделерінің теңгерімін, дивидендтердің мөлшерін, оларды төлеу шарттары мен тәртібін айқындау кезіндегі тәсілдің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданды.

Ұйымдық құрылымы

Қоғам бизнесінің тиімділігін арттыру және нарықтың жаңа сын-қатерлерін табысты еңсеру үшін 2020 жылы жаңа ұйымдық құрылым енгізілді. Ұсынылып отырған құрылым Адизес институтының өзгерістерін басқару әдіснамасына негізделеді және сыртқы ортаның, инновациялардың өзгерістеріне тез әрекет ете алатындай етіп құрылған және бірегей құзыреттерді жинақтауға бағытталған.

Қоғамның орталық аппаратының ұйымдық құрылымының жаңа редакциясын әзірлеу кезінде біз мынадай қағидаттарға негізделдік:

  • бекітілген даму стратегиясына сәйкестік;
  • бизнестің пайда орталықтарына шоғырлануы;
  • клиентке бағдарланушылық және клиенттердің адалдығын арттыру;
  • иерархиялық жүктемені төмендету;
  • өнемге бағыттылығын күшейту және түсімдерді тұрақтандыру;
  • даму және пайдалану функцияларын бөлу;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау.

Пайда көзінен қашықтықты қысқарту мақсатында бизнес-бағыттар бойынша неғұрлым далиған құрылым ұсынылды, оның негізгі артықшылығы оның сыртқы ортаның өзгерістеріне, инновацияларға жылдам әрекет ету және бейімделу қабілеті және бірегей құзыреттерді жинақтау болып табылады. Компанияны басқарудың далиған ұйымдық құрылымы шешім қабылдау процесіне аз адам қатысады дегенді білдіреді. Шешімдерді жетекшілік ететін бағытқа/клиентке қарай релевантты ақпараты бар және өкілеттіктер берілген басшылар қабылдайды.

Даму стратегиясын жүзеге асыра отырып, Қоғам аралас бизнес-модельге көшеді, онда Қоғам қолданатын жобалық бизнес-модель жеке және бизнес-клиенттің жаппай тұтынушысына бағытталған өнім бизнес-моделімен толықтырылады. Осыған байланысты, ұсынылып отырған құрылымда АКТ саласындағы жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша құзырет орталығы болып табылатын бөлінген Өнімдік кеңсе көзделген, бұл бизнесті жүргізудің өнімдік бағыттылығын күшейтуге және біржолғы жобалармен шектелмей, тиісінше түсімдер ағынын (рекуренттік түсім) тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұйымдық құрылым