В2С
Интернет
порттарының саны
Ақылы TV қосылу
нүктелерінің саны
интернет желісіне қолжетімділік
қызметтерін ұсынудан түскен түсімнің өсуі
телефония ұсыну бойынша көрсетілетін
қызметтер санының төмендеуі
В2С сегментіндегі түсімнің өсуі
OTT абоненттерінің саны
Қоғам клиенттері бойынша пайда орталықтарын бөлу мақсатында және меншікті және серіктестік қызметтерді қамтитын өнім қызметтерінің портфелін жақсарту қажеттілігіне байланысты Қоғам В2С сегментін бөлу туралы шешім қабылдады (Қоғамның Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 04 ақпандағы шешімі).
2023 жылға қарай В2С нарығының үлесін 0,04%-дан 0,2%-ға дейін арттыру, сондай-ақ белсенді абоненттік базаны және қызмет көрсетуден түсетін пайданы 3 есе ұлғайту жоспарлануда.
B2C сегментінің түсімі
Қоғам телекоммуникация және цифрлық шешімдер нарығындағы көшбасшылығын нығайта отырып, клиенттерге қызмет көрсету деңгейін көтеруге және клиенттердің әр санаты үшін цифрлық қызмет көрсетуді ұсынуға ұмтылады.
Соңғы жылдары Қазақстанда және әлемде бөлшек бизнес елеулі өзгерістерге ұшырады – енді бұл пайдаланушылардың сұраныстары үнемі өсіп келе жатқан жоғары бәсекеге қабілетті нарық. Сондықтан Қоғам назарын тек технологияға ғана емес, клиенттер біздің сервистер арқылы ала алатын әсерлері мен өмір сапасына көбірек аударады.
2020 жылы «Транстелеком» АҚ бөлшек сегментте КЖҚ және телефония қызметтерін ілгерілетуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді:
мың теңге
жалпы түсімдегі үлес
2019 жылға қарай ұлғаю
Зәкір қызметтері: КЖҚ және ақылы TV
2019 жылдың қараша айында «ОТТ телевизия» жобасы іске қосылды. Телевизия – бұл біздің компания үшін жаңа қызмет. Айта кету керек, жоғарыда аталған қызметті енгізумен «Ақпараттық технологиялар қызметі» мен Жергілікті желі қызметкерлері іс жүзінде осы қызметті қосуды үйренді. Қоғам алғаш рет пакеттік шешімдерді (интернет + TV) ұсынды.
2020 жылы үй шаруашылықтары сегментіндегі интернет-абоненттер саны 1%-ға өсіп, табыс 1,7 млн теңгені құрады. Осы кезеңде «Транстелеком» АҚ ақылы TV абоненттерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 есе өсті және 7 662 клиентті құрады.
Сату және жылжыту
Жаңа абоненттерді қосу процесін жеделдету үшін 2020 жылы Астанатранстелеком филиалында «Сервис 24/7» қызметі енгізілді, ол телефон бойынша өтінімдерді пысықтауға және шартқа «табалдырық жанында» қол қоюға мүмкіндік берді (телефон бойынша өтінім беру – қызметтің қосуға актімен келуі). «Сервис 24/7» қызметіне желіге қосылу бойынша жұмыстар, аварияларды жою, абоненттерді ажырату, қосылу нүктесін ауыстыру, роутерді және ОТТ тіркемесін күйге келтіру/жөндеу және консультациялық-техникалық қолдау кіреді.
Бұл қызмет клиенттерді жұмыс күні аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері 18:00-ден 22:00-ге дейінгі өзекті аралықта желіге қосуға мүмкіндік берді. «Сервис 24/7» тобының жұмысы В2С секторы үшін ең өзекті уақыт аралығын қамтиды.
B2B/ B2G/ B2R/В2О
«Транстелеком» АҚ мемлекеттік бастамаларды іске асыру шеңберінде бизнес үшін заманауи цифрлық шешімдерді ұсына отырып, корпоративтік және мемлекеттік сегментте сервистердің цифрлық экожүйелерін құрады. Біздің әріптестігіміздің арқасында теміржол саласы жоспарлы түрде «цифрлық рельстерге» көшуде.
Жасанды интеллект, Big data, блокчейн және басқа да технологиялық шешімдер теміржол саласын сапалы аналитикамен қамтамасыз етеді, өсу резервтерін анықтауға, шығындарды азайтуға, ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорынның бизнес-процестеріне де, клиенттермен жұмыс істеуге де қатысты.
2020 жылы «Мемлекеттік сектордағы бизнестің дамуы» блогының табыс әкелетін Қоғамның толыққанды қатысушысы ретінде қалыптасуы болды. Қызметтің бірінші жылы 2019 жылмен салыстырғанда келесі жетістіктермен атап өтілді:
B2B, B2G және B2O
секторларындағы кірі:
мың теңге
жалпы түсімдегі үлес
2019 жылға қарай төмендеу
Халықаралық операторлармен өзара іс-қимылдан түскен кірістердің үлесі 13%-ды құрады
B2R секторы 2020 жылы жалпы түсімдегі үлестің 2019 жылға қарай 3%-ға өскенін көрсетті.
ФДО қызметі ҚҚС қосқанда 388 млн теңге көлемінде табыстылықпен тұрақты өсуді көрсетті
келісімшарттар
саны шамамен 2
есеге артты
Жыл қорытындысы бойынша корпоративтік және мемлекеттік сегменттегі түсімнің өсуі 81%-ды құрады, ең алдымен бұлтты сервистер мен дата-орталықтар қызметтерін, сондай-ақ жаңа цифрлық өнімдерді: ақпараттық қауіпсіздік сервистерін, ОТТ және бұлтты сервистерді жылжытудан түсетін түсімнің ұлғаюы есебінен.
«ҚР Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті» ММ үшін «Қосшы ауылындағы бейнебақылау жүйесі» жобасы сәтті таныстырылды.
«Транстелеком» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі В2В секторындағы стратегиялық бизнес-бастамалары:
- ҚР және шетелдердегі клиенттік базаны кеңейту;
- Нарық/бәсекелестік позиция мүмкіндіктерін талдау;
- Қызметкерлердің тиімділігі мен құзыреттілігін арттыру;
- Қаржылық тиімділік;
- Жаңа өнімдер мен шешімдерді әзірлеу;
- Ішкі процестерді дамыту;
- Компаниядағы бизнестің бәсекеге қабілетті бағыттарын дамыту.
«Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы
Бағдарлама шеңберінде Қоғам талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды жалғастыруда, оның нәтижелері бойынша 2020 жылы 429 ауылдық елді мекенде мемлекеттік мекемелерді қосу үшін 6 000 км ТОБЖ құрылысы аяқталды.
Қазіргі уақытта талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдалана отырып, 1 222 әлеуметтік объект (451 мектеп, 371 аурухана, 276 жергілікті әкімшілік, 12 авариялық қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігінің 14 объектісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 11 объектісі, полицияның 78 учаскесі, 9 прокуратура) қосылды. Мемлекеттік мекемелерді ТОБЖ-ға қосу Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік интернет-порталдарға қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл халыққа қызметтердің үлкен спектрін көрсетуге мүмкіндік берді.
Жобаны әлеуетті қамту 40 мың абонентке дейін. Жобаны іске асырудың жалпы мерзімі 3 жылды құрайды (2018-2020 жылдар).
«ҚР Ауылдық елді мекендердtрін кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету»жобасының қорытындылары
2020 жылы 600 абонент қосылды, 2021 жылы 3 000 абонент қосылады деп жоспарлануда. Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында АЕМ-ді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1 000-нан астам ауылдық абонент қосылған.