Құрметті акционерлер,
серіктестер мен әріптестер!
«Транстелеком» АҚ компаниясының Басқармасы атынан Сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың Жылдық есебін ұсынуға қуаныштымын.
2020 жыл «Транстелеком» АҚ сияқты еліміздің телекоммуникациялық операторлары үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де қиын жыл болды. Алайда, Қоғам пандемия мен одан кейінгі өзгерістерге қарамастан өз жұмысын тиімді жалғастырды.
Біз туындаған жағдайларға ден қою жылдамдығын өзгерттік, жедел ден қою штабын жұмысқа қостық және біздің магистральдық желілеріміз бен шетелдік тораптарымызды трафиктің экспоненциалды өсуіне дайындадық. Шетелдік провайдерлермен сыртқы интернет арналарының сыйымдылығы кеңейтілді. ТЖ кезінде азаматтардың тұрақты хабардарлығын қолдау үшін Қоғам Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үшін Egov, E-license, pki.gov.kz интернет-ресурстары мемлекеттік деңгейде стратегиялық маңызды болғандықтан олардың интернет арнасының сыйымдылығын 4-5 есе тегін кеңейтті. Біз мемлекеттің сенімді серіктесі ретінде денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар қызметі, ұлттық қорғаныс нысандары және дағдарысты еңсеруге белсенді қатысатын басқа да мекемелер тұрақты байланыс арнасын алуды жалғастыратынына кепілдік беруге міндеттіміз.
Сонымен қатар, «Транстелеком» АҚ елдегі білім беру процесін белсенді қолдады. Осылайша, қоғам жоғары оқу орындарының сайттарына, электрондық анықтамалық деректер базасына, онлайн-күнделіктерге, электрондық білім беру порталдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған басқа да білім беру ресурстарына тегін қолжетімділікті ұсынды. Сонымен қатар, біз отандық компаниялардың онлайн-платформаларын автоматтандыруды қолдадық. Осылайша, біздің көмегімізбен төтенше жағдай режимінде бизнеске көмек көрсету шеңберінде «Platonus College» колледждері үшін жоба іске асырылды. Платформа студент пен оқытушыға онлайн режимінде оқытудың барлық автоматтандырылған процестерін тегін ұсынады. Сондай-ақ, Қоғамда «Өрлеу» компаниясымен және білім беру саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеуші ретінде танымал «Білімал» брендімен бірлесіп, қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі бар. Жүйе толығымен тегін, оны колледждер, Қарағанды облысының мектептері пайдаланады – және де біз оң пікірлер алудамыз. Ол қашықтықтан оқыту процесінде әртүрлі оқыту медиаматериалдарын жүктеуге, интерактивті сабақтар, вебинарлар өткізуге және оқушыларды тестілеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жауапты бизнес ретінде компания халықтың табысы төмендеген кезеңде де жақындарымен байланысты сақтап, байланыс және интернет арқылы елдегі жағдай туралы ақпарат ала алуы үшін абоненттерге карантин кезеңінде жайлы жағдай жасады, тіпті берешегі болса да, абоненттердің ешқайсысын қызметтерден өшірмеді. Жеке тұлғалар онлайн-қызметтердің кеңейтілген спектріне ие болды, олар арқылы клиенттер үйден шықпай-ақ қосылуға, тарифтік жоспарды өзгертуге, шотты толтыруға және басқа да қызмет түрлеріне өтініш бере алады.
«Транстелеком» АҚ карантин кезінде қазақстандық және шетелдік телеарналарға қолжетімділік беретін жаңа өнім – лимитсіз интернет, телефония және TTC BOX цифрлық теледидарын қосуды тегін етті. Біздің телевизияның басты ыңғайлылығы халыққа жаһандық желіге қосылған кез келген құрылғының болуы жеткілікті: бұл iOS және Android базасындағы смартфондар мен планшеттер, Smart TV және Android TV функциялары бар теледидарлар, қызмет алу үшін теледидарға қосылған телевизиялық тіркемелер (STB) болуы мүмкін.
Бірақ 2020 жылы «Транстелеком» АҚ әлеуметтік саладағы дағдарысты еңсеру кезеңінде мемлекеттік әріптес позициясында болумен қатар, компания өзінің барлық міндеттемелерін, оның ішінде ірі республикалық жобалар бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындауды жалғастырды. Мәселен, «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 429 ауылдық елді мекенді интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке қосу бойынша «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы кідіріссіз аяқталды. Жоба аясында 6 000 км ТОБЖ төселді және интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке 1 222 әлеуметтік нысан қосылды: 451 мектеп, 371 аурухана, 276 жергілікті әкімшілік, 12 авариялық қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігінің 14 объектісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 11 объектісі, полицияның 78 учаскесі және 9 прокуратура. Жобадан синергия 40 мыңнан астам абонентті қамтиды.
Қоғам тек мемлекеттік секторда ғана емес, бизнес-ортада да дамыды, IT-саласын дамытуды жалғастыру үшін бірқатар сапалы әріптестер пайда болды. Осылайша, «Транстелеком» АҚ корпоративтік пайдаланушыларға арналған бағдарламалық шешімдер мен сервистерді әзірлеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарына кіретін Micro Focus компаниясының ресми серіктесі болды.
Болашақта Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Жезқазған, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында меншікті деректерді өңдеу орталықтарының құрылысын техникалық аяқтау өсудің негізгі нүктелерінің бірі болатыны сөзсіз. ДӨО іске асырудың мақсаты бизнестің шешілетін міндеттерінің спектрін ұлғайту, АТ-жүйелерінің ауқымдылығын жақсарту және ақпараттық алмасудың қауіпсіздігін арттыру болып табылады, бұл жиынтығында шығындар мен шығыстарды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұлтты шешімдердің ұсынылатын кең спектрі мемлекеттік құрылымдар үшін де, жеке компаниялар үшін де өзекті болып табылады. Сонымен қатар, ДӨО барлық компоненттері лицензияланған және әлемдік өндірушілердің ресми қолдауына ие.
Қазақстан Республикасының аумағында отандық компаниядан Жаңа ДӨО-лардың пайда болуы телекоммуникациялық нарықты молықтыруға, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бұлтты шешімдерді ілгерілету саласында бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді.
Бірақ әлемдік пандемиядан тоқырау кезеңінде алға жылжу кіріс өзгерістеріне тиімді жауап беруге арналған ұйымдық құрылымды жедел өзгертпестен мүмкін болмас еді. Осылайша, 2020 жылы Адизес институтының өзгерістерін басқару әдіснамасына негізделген, инновацияларға және бірегей құзыреттерді жинақтауға бағытталған жаңа ұйымдық құрылым енгізілді.
«Транстелеком» АҚ қызметкерлеріне, серіктестеріне және акционерлеріне кәсібилігі мен көрсеткен ұстамдылығы үшін алғысымды білдіремін. Біздің компаниямыздың когнитивті ортасы, қалыптасқан корпоративтік мәдениет және команданың бірлігі осы қиын жылда алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және өсу үшін әлеуетті сақтауға көмектесті. Біздің Миссиямыз бен жаңа уақыт дыбысталу форматындағы құндылықтарымыз бұрынғыдан да өзекті – себебі IT&TELCO саласында біз қазақстандықтарды жаңа цифрлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз.

Адайбеков Елнар
Русланұлы
«Транстелеком» АҚ
Басқарма Төрағасы