Қоғамда Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Транстелеком» АҚ корпоративтік жанжалдарды реттеу саясаты жұмыс істейді, ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қоғамның басқа да органдары арасындағы корпоративтік жанжалдарды реттеу тәртібі мен рәсімдерін регламенттейді.
Қоғам корпоративтік қақтығыстарды, егер олар Қоғамда туындауы мүмкін болса, барынша толық және тез анықтауды және Қоғам органдарының іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
- корпоративтік қақтығыстарды олардың дамуының ең ерте кезеңдерінде анықтауды және оларға Қоғам, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан мұқият қарауды қамтамасыз етеді;
- Қоғамның корпоративтік хатшысына корпоративтік қақтығыстарды есепке алуды, акционерлерден келіп түскен өтініштерді, хаттар мен талаптарды тіркеуді жүзеге асыруды жүктейді. Қоғамның корпоративтік хатшысы оларға алдын ала баға береді және осы қақтығысты қарау құзыретіне жатқызылған Қоғамның органына береді.
Корпоративтік хатшы Қоғамның акционерлердің өтініштерін тиісінше қарауын және акционерлердің құқықтарының бұзылуына байланысты қақтығыстарды шешуді қамтамасыз етеді. Қоғамның филиалдарында осындай жұмысты ұйымдастыру оларды басқаратын адамдарға жүктелуі керек. Бірақ бұл жағдайда да Қоғамның корпоративтік хатшысы Қоғамның филиалдарында туындаған корпоративтік қақтығыстар туралы толық ақпаратқа ие болуы тиіс, барынша қысқа мерзімде қақтығыстың мәні бойынша өз ұстанымын айқындайды, тиісті шешім қабылдайды және оны акционерлердің назарына жеткізеді.
2020 жылы Қоғамда мүдделер қақтығысы тіркелген жоқ.