Жылдық есеп • 2020
03. Операциялық қызмет

Қоғамның 2020 жылғы ірі
және стратегиялық маңызды
жобалары

SAP құзыреттілік орталығы

2019 жылы Қоғамда ҚР аумағындағы ең ірі SAP құзырет орталығының бірі құрылды және қазіргі уақытта табысты жұмыс істейді, оның құрамына бизнестің әртүрлі салаларында SAP жүйелерін енгізу және сүйемелдеу тәжірибесі бар 50-ден астам жетекші қазақстандық мамандар кірді, олардың 60%-дан астамы төменде көрсетілген блоктарда SAP сертификатталған мамандар болып табылады.

2020 жылы Қоғам SAP саласындағы озық бағыттарға сәйкес мамандарды даярлау мен сертификаттауға баса назар аударды, атап айтқанда SAP құзыреттілік орталығының мамандары SAP S/4HANA сертификаттауынан SAP барлық негізгі функционалдық бағыттары бойынша өтті.

Сонымен қатар, SAP құзыреттілік орталығы SAP S/4HANA (дайын қорапты шешім) негізінде өзінің акселераторын жасады. Осы акселераторды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының нарығына оңай бейімделетін үздік әлемдік тәжірибелер ескерілді.

ДӨО құрылысы

«Сервис ретінде ДӨО инфрақұрылымын ұсыну үшін «Транстелеком» АҚ инфрақұрылымын дамыту» жобасында әлеуетті клиенттер үшін бұлтты сервистерді ұсынудан жалға алу пайдасын одан әрі алу үшін Қазақстан Республикасының ірі қалаларында Деректерді өңдеу орталықтарын салу көзделеді.

Қызметті ұсыну көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге және «Транстелеком» АҚ кірістерінің ұлғаюына әкеледі. Бұл қызмет қолжетімділік пен сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ал бұл басқа жобалар бойынша бұлтты сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары барысында Деректерді өңдеу орталығының барлық негізгі техникалық көрсеткіштері ескерілді:

  • ҚР СТ ANSI/TIA 942 A 2016 стандарттарына сәйкестігі (істен шығуға төзімділіктің 3 деңгейі);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкестігі (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы);
  • ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысына сәйкес (Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы).

«Транстелеком» АҚ Ддта-орталықтары – бұл IT-жабдықтарды пайдаланудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ететін жаңа жабдықтармен жарақтандырылған технологиялық объектілер.

Сондай-ақ, әрбір ДӨО тәулік бойы жұмыс істейтін биометриялық бақылау жүйесімен, сондай-ақ барлық өткізу пункттері мен ғимараттарға, техникалық үй-жайларға өту жолдарын толық бақылаумен жабдықталғанын атап өту қажет.

Бұдан басқа, ДӨО-ның әр қалада орналасуы техногендік және табиғи қауіптерді ескере отырып, мұқият таңдалған. Белгілі бір орналасуы Қазақстанның бірнеше қалаларында сервистерді резервтеуге мүмкіндік береді. ДӨО – бұл 1 градусқа дейінгі дәлдікпен оңтайлы температурасы бар үлкен кең залдардағы заманауи жабдық, жабдықтың жұмыс істеу қабілетін бірнеше тәулік бойы ұстап тұруға қабілетті электрмен қоректендіруді резервтеу жүйесі, ұзақ үзілістерге төзуге мүмкіндік беретін автономды жылыту және сумен жабдықтау жүйелері. Сондай-ақ, «Транстелеком» АҚ әзірлеген физикалық және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің бірнеше деңгейлері, жабдықты тестілеуді өткізуге арналған алаң, оның ішінде бөгде байланыс операторларымен резервтелетін меншікті байланыс арналары. Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушінің мамандары үшін қолайлы жұмыс орнын ұсынуға болады – барлық тұрмыстық жағдайлар толық қамтамасыз етілген: душтан асханаға дейін.

Қоғам алғаш рет іске асырған ДӨО салу бойынша Жоба 2020 жылдың өзінде табыс әкелді. Осылайша, Қоғам бұлтты сервистер мен жаңа клиенттерге қолжетімділікті сәтті кеңейтті.

«ТТСdocs» электрондық құжат айналымы жүйесі

«TTCdocs» ЭҚЖ ұйымдағы ұйымдастырушылық құжаттарды, жазбаларды, топтық жұмысты және бизнес-процестерді басқаруға арналған, онда нәтиже интеграция деңгейін арттыру, қағазсыз құжат айналымы мүмкіндігін беру, құрылымдық бөлімшелердің келісілген жұмысын қамтамасыз ету, құжаттарды құруға, өңдеуге және іздеуге уақытты қысқарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру, корпоративтік ақпарат пен құжаттарға қол жеткізуді жеңілдету, олардың сақталуы, қызметкерлердің әртүрлі құжаттарға қол жеткізу құқықтарын теңшеу мүмкіндігі, сондай-ақ электрондық құжат айналымының ақпараттық архитектурасын Тапсырыс берушінің компаниялары ішінде орталықтандырылған сүйемелдеу және техникалық қолдау мүмкіндігімен бірыңғай платформада құру мүмкіндігі.

ЭҚЖ функционалдарының негізі – Адизес (Adizes) әдістемесі. Адизес әдістемесі ұйымның негізгі принципіне негізделген – тірі ағзалардағыдай өмірлік циклі болады және өсу мен қартаю процесінде болжалды және қайталанатын мінез-құлық көріністерін көрсетеді.

«TTCdocs» ЭҚЖ IT нарығындағы электрондық құжат айналымының икемді және көпфункционалды жүйелерінің бірі болып табылады, өйткені ЭҚЖ функционалдығы мен мүмкіндіктерін көрсету кезінде еліміздің ірі ұйымдарынан алынған жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп, ағымдағы нұсқаға енгізілді.

1000
Жаңа пайдаланушы

SMART KASIPODAQ
жүйесін пилоттық пайдалану
аясында жүйеге енгізілді


«SMART KASIPODAQ»

Бұл жобаның мақсаты кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету жөніндегі қызметін үйлестіру және қолдау болып табылады.

Жобаның сипаттамасы:

  • Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) барлық кәсіподақ ұйымдары бір қолданбада;
  • барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін қадағалау және бақылау;
  • кәсіподақ мүшелеріне онлайн-қызмет көрсету.
  • кәсіподақ бірлестігінің жұмыс берушімен және кәсіподақ мүшелерімен тиімді коммуникациясын жасайды;
  • үлкен қамту және пайдалану оңай;
  • ҚР-да баламасы жоқ.

Жай ғана смартфонға ие бола отырып, кәсіподақтың кез келген мүшесі еңбек заңнамасы бойынша толық ақпарат немесе көмек ала алады; заң көмегіне жүгіне алады немесе тікелей ҚРКФ жаза алады; ұжымдық шарт жобасына ұсыныс енгізе алады; еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралармен және ағымдағы еңбек дауларымен таныса алады; Серіктестер желілерінен преференциялар мен жеңілдіктер ала алады; өз кәсіподағының жаңалықтарын оқи алады.

Жүйеде веб-интерфейс және мобильді қолданба бар.

Жүйенің дерекқорына «Транстелеком» АҚ кәсіподақ мүшелерінің және төрағаларының деректері жүктелген (шамамен 2 500 адам).

«Ынтымақ» РҚБ Алматы және Қостанай филиалында SMART KASIPODAQ жүйесін пилоттық пайдалану жүргізілуде, жүйеге 1 000-ға жуық жаңа пайдаланушы енгізілді.

«Дабыл» автоматтандырылған құлақтандыру жүйесі» жобасы

Жеке құрам арасындағы коммуникацияны жақсарту мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінен (ҚР ҚМ) смс- және дауыстық хабарламалар жіберу арқылы «Дабыл» онлайн хабарлау жүйесін іске асыруға қатысты сұрау түсті. «Дабыл» автоматтандырылған хабарлау жүйесі коммутацияланатын телефон желілері, ұялы байланыс арналары бойынша сөйлеу және смс-хабарламаларды (құлақтандыруларды) автоматты түрде беруге арналған және өзінің құрамында хабарламалардың кіріктірілген сөздігін, сондай-ақ микрофонды пайдалану кезінде хабарламаларды қалыптастыруды қамтиды. Абоненттерді хабарландыру жалпы тізім бойынша, жеке тізімдер тобында және жеке жүргізілуі мүмкін.

«Энергодиспетчерлік тартым» АБЖ

«Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі – ЭДТ АБЖ) – бұл Қазақстан темір жолдарындағы энергия үнемдеу бойынша ірі жобалардың бірі. Оның негізгі мақсаты – тартуға отын-энергетикалық ресурстардың шығынын азайту. Ол машинистің электрондық маршрутын енгізу есебінен локомотив шаруашылығындағы бизнес-процестерді кешенді автоматтандыру жолымен жүзеге асырылады.

«Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобы үшін автоматтандыру және телекоммуникациялар жөніндегі шешімдерді енгізу бойынша бірыңғай интегратор бола отырып, Қоғам сервистік модель қағидаттарында 2013-2015 жылдар кезеңінде ЭДТ АБЖ жобасын енгізді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық локомотив күші дизель отынының шығынын және электр энергиясын тұтынуды өлшейтін жоғары дәлдікті жабдықпен жабдықталған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған міндеттемелер шеңберінде тепловоздардың 679 секциясын калибрлеу жүзеге асырылды, бұл жалпы жұмыс көлемінің 55%-ын құрайды.

Сондай-ақ, есепті жылы Нұр-Сұлтан станциясында пилоттық режимде босатылған дизель отынының мөлшері туралы ЭДТ АБЖ және отын тарату колонкалары арасындағы деректерді интеграциялау бойынша жұмыстар басталды.

«ЭДТ» АБЖ жобалық қуатқа шыққан кезде жобаның тапсырыс берушісі («ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ) 2014-2020 жылдар кезеңінде пойыздардың тартылуына отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуде айтарлықтай оң нәтиже алды.

Магистраль АБЖ

2020 жылы Қоғам «Магистраль» АБЖ жобасын табысты іске асыруды жалғастырды. Бұл жобаның диагностикаға жаңа тәсілді әзірлеудегі, жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудағы, бақылау мен талдауды орындаудағы, темір жол диагностикасы саласындағы жаңа әзірлемелерді енгізудегі бірегейлігі. Қазіргі уақытта Қоғам жаңа мобильді диагностикалық кешендердің 6 бірлігін енгізді және сервистік модель арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін магистральдық темір жолдарды диагностикалау бойынша қызмет көрсетеді.

2020 жылы мобильді диагностикалық кешендердің қызметін енгізу арқылы Қоғам ақауларды анықтай отырып, 280 мың шақырымға жуық теміржол жолын диагностикалады. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да пайдалануға КАПСБП бағдарламалық жасақтамасы берілді, оның көмегімен түйіспесіз жолдың дәлелденбеген жағдайына сәтті предиктивтік талдау жүргізіледі. Анықталған/болжамдалған ақауларды уақтылы жою пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жеткілікті жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді.

2020 жылдың қорытындысы
бойынша қабылданған
міндеттемелер шеңберінде

679
тепловоздар секциясы

калибрленді


Мобильді
диагностикалық
кешендермен шамамен

280
мың км т/ж

диагностикаланды