Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес нарықтың жалпы көлемінің 83%-ын өзіне шоғырландыра отырып, интернетке, ұялы байланысқа және өзге де телекоммуникациялық қызметтерге тиесілі.
2020 жылы байланыс қызметтері нарығының көлемі 884,5 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық. Интернет-қызметтердің көлемі 2020 жылы 14,4%-ға ұлғайып, 331,8 млрд теңгені құрады. Ұялы байланыс қызметтерінің көлемі 1,5%-ға артып, 231,3 млрд теңгені құрады. Жергілікті телефон байланысы қызметтерінің көлемі 2020 жылы, керісінше, 2019 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға қысқарып, 35,8 млрд теңгені құрады.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында телекоммуникация қызметтерінен кірістердің күрт өсуі: бір жыл бұрынғы 372,7 млрд теңгеге қарағанда 425 млрд теңге (+14%) – штаттық жағдайға оралғаннан кейін кері қайтару туралы сұрақтар туғызды. Алайда, өсім желтоқсан айының соңына дейін жалғасты және 2020 жыл соңғы 4 жылдағы телекоммуникация нарығы үшін ең сәтті кезең болды.
жобаны іске асырудың екі жылында бүкіл ел бойынша 14 000 километрден астам талшықты-оптикалық желі төселді
2020 жылғы Қазақстандағы байланыс қызметтерінен табыстың құрылымы
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, profit.kz
2020 жылғы желтоқсанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 24,18 млн бірлікті құрады (қарашада – 24,27 млн, төмендеу байқалады), оның ішінде 15,93 млн-ға жуығы интернетке қол жеткізе алады (қарашада – 15,87 млн, өсу байқалады). Осылайша, ұялы байланыс абоненттері арасында интернеттің ену деңгейі 65,6% (+0,2%) құрады. Тіркелген телефон желілерінің абоненттерінің саны 3,11 млн бірлікті құрады (қарашада – 3,09 млн бірлік, шамалы өсім). Ақырында, тіркелген интернет абоненттерінің саны – шамамен 2,62 млн бірлік (ұлғаю байқалады).
Елде 2020 жылғы наурызда енгізілген карантиндік шаралар Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық индустриясына елеулі әсер етті. Пайдаланушылардың онлайнға жаппай кетуі және компаниялардың қашықтан жұмыс істеуге көшуі ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарға жүктемені едәуір арттырды. Нәтижесінде, телеком-операторлардың басты міндеті желінің жұмыс істеу қабілетін қолдау үшін шаралар қабылдау болды. Бұдан басқа, карантиндік шаралар кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің қашықтан жұмыс істеуін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін IT-қызметтерге жаппай қажеттілікті тудырды, сондай-ақ электрондық коммерция айналымын едәуір арттырды. Бұл өз кезегінде құпия деректердің қауіпсіздігін, қосылу сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын арттырды.
WebEx, ZOOM және басқа да бейнеконференцбайланыс жүйелері сияқты қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың танымал шетелдік шешімдерінің қауіпсіздігі мәселесі IT нарығына қатысушылардың алдына отандық шешімдерді әзірлеу мәселесін қойды. Тек осы жағдайда операторлар қосылыстардың қауіпсіздігі мәселесін бақылай алады.
Трафикті тарату картасы да өзгерді. Қытай сияқты елдерге қарағанда, Қазақстанда қалаларда тіркелген трафиктің өсу қарқыны ұялы трафиктің өсуінен өте жоғары болды. Кейбір операторлар тіпті ұялы желідегі трафиктің төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар, қала маңындағы аумақтар мен ауылдарда мобильді трафик керісінше өсті, бұл карантин салдарынан адамдардың қаладан шығуына байланысты.
Бұдан басқа, 2020 жылғы желтоқсанда тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі телекоммуникациялық жоба – ауылдық елді мекендерде байланыс құрылысы аяқталды. Жобаны іске асырудың екі жылында бүкіл ел бойынша 14 000 километрден астам талшықты-оптикалық желі төселді.