Жылдық есеп • 2020
06. Корпоративтік басқару

Басқарма

Қоғам Басқармасының 2020 жылғы
31 желтоқсандағы құрамы

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен (№ 10/2020 хаттама) Қоғам Басқармасының құрамы 8 (сегіз) адам болып белгіленді және Қоғам Басқармасының өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл болып белгіленді.

Қоғам Басқармасының құрамы

Адайбеков Елнар Русланұлы Минавар Ерлан Ерікұлы
Минавар Ерлан Ерікұлы Басқарма төрағасының Қоғамның стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары
Барменқұлов Кеңес Таңатарұлы Басқарма төрағасының Қоғамды ұйымдық дамыту жөніндегі орынбасары
Дөненбай Ғазиз Болатұлы Басқарма төрағасының Қоғамның корпоративтік бизнесін дамыту жөніндегі орынбасары
Қасымов Кәрім Досмұхамбетұлы Қоғамның мемлекеттік секторында бизнесті дамыту бойынша Басқарма төрағасының орынбасары
Ахметов Мұрат Сайлаубекұлы Басқарма төрағасының Қоғамның операциялық қызметі жөніндегі орынбасары
Қожасбаев Данияр Жеңісұлы Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Баймырзаұлы Асқар Басқарма төрағасының Қоғамның әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары

Басқарма мүшелерінің қызметтік тізімі

1986 жылғы 18 ақпан туылған

Адайбеков Елнар
Русланұлы


«Транстелеком» АҚ
Басқарма төрағасы

Білімі

  • Kings College London, University of London, Лондон қ., Ұлыбритания BSc Computer Science мамандығы бойынша.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2008-2009 — «Нұрбанк» АҚ Алматы қ. – жобалау менеджері;
  • 2009-2010 — «Нұр-Транс» АҚ Алматы қ. – тәуекелдер бөлімінің бастығы;
  • 2010-2011 — Rompetrol Gas SRL Bucharest, Romania – аға тәуекел менеджері;
  • 2012-2015 — Rompetrol Gas SRL Bucharest, Romania – бас директордың орынбасары;
  • 2015-2017 — «Транстелеком» АҚ – Корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент, Қоғам Басқармасының мүшесі;
  • 2017-2019 — «Транстелеком» АҚ – даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент, Қоғам Басқармасының мүшесі;
  • 2019-2020 — «Транстелеком» АҚ – Қоғамның Басқарма төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары;
  • 2020 – қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ – Қоғамның Басқарма төрағасы.
1981 жылғы 1 қараша туылған

Барменқұлов Кеңес
Таңатарұлы


«Транстелеком» АҚ төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • 1999-2003 — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы – Халықаралық экономикалық қатынастар;
  • 2010 — Telecoms MINI MBA, Лондон, Ұлыбритания;
  • 2015-2016 — Назарбаев Университет бизнес мектебі, EMBA.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2003-2005 — «Қазақтелеком» АҚ – Корпоративтік сату дирекциясындағы экономист;
  • 2005-2008 — «Uni Commerce Ltd» ЖШС филиалы, «TeaLand» филиалы және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «ASF» филиалы – қаржы менеджері;
  • 2008-2015 — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – Коммуникациялық активтер дирекциясының аға сарапшысы;
  • 2015-2020 — «Транстелеком» АҚ – корпоративтік даму жөніндегі атқарушы директор;
  • 2020 – қазіргі уақытқа дейін — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі.
1983 жылғы 22 тамыз туылған

Ахметов Мұрат
Сайлаубекұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, мамандығы – Автоматика, телемеханика және байланыс;
  • 2011 — Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, мамандығы – Халықаралық теміржол көлігіндегі интероперабельділік, сертификаттау және қауіпсіздік;
  • CNAM университеті (Франция), мамандығы – Халықаралық теміржол көлігіндегі интероперабельділік, сертификаттау және қауіпсіздік.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2005-2009 —«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Солтүстік өңірлік есептеу орталығы» филиалы – ақпараттық қауіпсіздік секторының 1-санатты инженер-электроншысы, 2-санатты инженер-электроншысы;
  • 2009-2014 – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бөлімдерінің бастығы;
  • 2014-2016 — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» филиалы – даму және жобалық менеджмент департаментінің директоры;
  • 2016-2017 — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» филиалы – директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары;
  • 2017-2020 – «Транстелеком» АҚ – АТ қолдау және дамыту жөніндегі атқарушы директор; АТ пайдалану жөніндегі атқарушы директор; АТ және инновациялар жөніндегі вице-президент, Басқарма мүшесі; Басқарма төрағасының инфрақұрылымды пайдалану жөніндегі орынбасары;
  • 2020 – қазіргі уақытқа дейін — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі.
1985 жылғы 9 қаңтар туылған

Баймырзаұлы
Асқар


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • 2006 — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, мамандығы – Құқықтану;
  • 2008 — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Құқықтану магистратурасы;
  • 2010 — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Алматы қ.;
  • 2019 — Executive MBA, «Назарбаев Университет» ДБҰ Жоғары бизнес мектебі.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2008-2009 — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері;
  • 2010-2011 — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – Сот-наразылық жұмысы департаментінің менеджері;
  • 2011-2011 — «Кедентранссервис» АҚ – бас менеджер;
  • 2011-2016 — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің және Сот-наразылық жұмысы департаментінің бас менеджері;
  • 2016-2018 — «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Құқықтық қамтамасыз ету департаменті және Сот-наразылық жұмысы департаменті тобының жетекшісі;
  • 2018-2019 — «Транстелеком» АҚ – құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор;
  • 2018-2019 — «Транстелеком» АҚ – құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор, Басқарма мүшесі;
  • 2020 – қазіргі уақытқа дейін — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі.
1985 жылғы 28 қаңтар туылған

Қасымов Кәрім
Досмұхамбетұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының мемлекеттік сектордағы бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, мамандығы – Экономика;
  • Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, мамандығы – Радиотехника электроника және телекоммуникациялар;
  • Executive MBA, «Назарбаев Университет» ДБҰ Жоғары бизнес мектебі.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2006 — «Компания Алас ЛТД» ЖШС – «Арман-Мұнай» ЖШС директорының орынбасары – директордың орынбасары;
  • 2009 — «Алматы Мегатау» ЖШС – директор;
  • 2013-2017 — «KTZ Express» АҚ – Сату департаментінің бас менеджері, кәсіподақ комитетінің төрағасы;
  • 2017-2019 — «Транстелеком» АҚ – «Сатып алу және қамтамасыз ету» бағытының басшысы, жобалар жөніндегі атқарушы директор;
  • 2019-2020 — «Транстелеком» АҚ – бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы директор (B2G);
  • 2020 – қазіргі уақыт — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының мемлекеттік секторда бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі.
1983 жылғы 20 қаңтар туылған

Қожасбаев Данияр
Жеңісұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • Алматы Экономикалық Университеті, мамандығы – Қаржы менеджменті

Жұмыс тәжірибесі

  • 2007-2008 — Hewlett Packard Kazakhstan – ең ірі клиенттерге сервистер мен қызметтерді сату жөніндегі өкіл (B2B);
  • 2008-2010 — TOYOTA TSUSHO сату жөніндегі директор;
  • 2010-2013 — Country manager компаниясының қазақстандық кеңсесі, Boart Longyear – басшы;
  • 2013-2016 – «Казкоммерцбанк» АҚ – жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бастығы, Корпоративтік кредиттеу департаменті; №2 корпоративтік кредиттеу департаментінің директоры;
  • 2016-2017 — «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ – басқарушы директор, Корпоративтік даму орталығы;
  • 2017-2019 – «Fortebank» АҚ – атқарушы директор, корпоративтік бизнес бағытының басшысы; атқарушы директор, ШОБ және ББ бағытының басшысы;
  • 2019-2020 — «First Heartland Jysan Bank» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2020 — «Tigin Industry» ЖШС – қаржы директоры;
  • шілде 2020 – тамыз 2020 — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының экономика және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • тамыз 2020 — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының экономика және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • 2020 жылғы желтоқсан — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
  • желтоқсан 2020 – қазіргі уақыт.
1985 жылғы 6 қазан туылған

Минавар Ерлан
Ерікұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының Стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • 2003-2006 — Карнеги Меллон университеті, Питтсбург, АҚШ, мамандану – Шешім қабылдау ғылымы және ұтымды таңдау, Ақпараттық жүйелер саласындағы бакалавр;
  • 2016-2017 — INSEAD Сингапур, Франция, Бизнес-әкімшілендіру магистрі.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2007-2009 — CIBC World Markets/Oppenheimer & Co (АҚШ) (M&A, Инвестициялық Банк) – бірігу және қосып алу аналитигі;
  • 2009-2013 — Caspian Engineering & Research (Қазақстан) – қаржы директоры;
  • 2010-2011 — «Белкамит» ЖШС (Қазақстан) – қаржы директоры;
  • 2013-2015 — Frontier Mining (Қазақстан/Англия) – атқарушы директор;
  • 2017-2019 — Billboard Video Singapore (Қазақстан/Сингапур) басқарушы директор, Product Manager, Scrum Master;
  • 2019-2020 — Capital Holding – бас директор;
  • маусым 2020 — «Транстелеком» АҚ – «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының даму және инновациялар жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • желтоқсан 2020 — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі.
1988 жылғы 24 сәуір туылған

Дөненбай Ғазиз
Болатұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының cтратегиялық жобаларды дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Білімі

  • 2011 — Asia Pacific University, Kuala Lumpur, Malaysia, BSc (Hons) in Business Information Technology;
  • 2012 — Asia Pacific University, Kuala Lumpur, Malaysia, Master of Business Administration, Postgraduate program of Staffordshire University, UK.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2011-2013 — «Алдияр Б» ЖШС- – изнес талдаушы;
  • 2013-2015 – «ҚТЖ ҰК» АҚ Ақпараттық технологиялар дирекциясы» – филиалдың Жобалық менеджмент басқармасының бизнес-талдау бөлімінің бас маманы; жобалық портфельді талдау бөлімінің сарапшысы, филиалдың жобалық менеджмент бөлімінің бастығы;
  • 2015-2016 — «Транстелеком» АҚ – Инфотелекоммуникациялық технологиялар дирекциясы» филиалы – «АТ инфрақұрылымын енгізу және сүйемелдеу» ПГ инфрақұрылымы бойынша техникалық сарапшы;
  • 2016-2017 — «Транстелеком» АҚ – Инфотелекоммуникациялық технологиялар дирекциясы» – филиалдың аппараттық-бағдарламалық жүйелер жөніндегі жобалау менеджері;
  • 2017-2020 – «Транстелеком» АҚ – жобалар жөніндегі атқарушы директор; корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы директор (В2В);
  • желтоқсан 2020 – наурыз 2021 — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • наурыз 2021 – осы уақытқа дейін — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасының стратегиялық жобаларды дамыту жөніндегі орынбасары, «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі.

Негізгі басқарушы қызметкерлерге төленген сыйақының мөлшері

219 709
мың теңге

Басқарма мүшелерінің сыйақысы

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басшы және басқарушы қызметкерлеріне сыйақы төлеу және қызметін бағалаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленген Қоғамның басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу және қызметін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

Қағидалар мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • сыйақының Қоғам мен «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының мүдделеріне жауап беретін міндеттерді орындаумен өзара байланысы;
  • сыйақы мөлшерін анықтау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  • сыйақы мөлшерінің Қоғам қызметінің нәтижелеріне және басшы қызметкерлердің нәтижелілігіне тәуелділігі.

Басшы қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • уәждемелік ҚНК таңдау, мақсатты мәндерді белгілеу;
  • уәждемелік ҚНК бекіту;
  • нәтижелілік мониторингі;
  • нақты нәтижелілікті есептеу және бекіту.

Есепті жылы Компанияның негізгі басшы қызметкерлеріне төленген сыйақы мөлшері (ақшалай нысандағы жалақының және барлық көтермелеу түрлерінің жиынтық мөлшері) 219 709 мың теңгені құрады.