Жылдық есеп • 2020
01. Компания бүгін

2020 жылдың
негізгі оқиғалары

Ақпан
  • Облигациялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 18 млрд. теңге болатын ішкі нарықтағы облигациялардың бірінші шығарылымы.
  • «Транстелеком» АҚ ТЖ әрекет ету уақытында өз клиенттеріне қызметтерді төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік берді.
  • «Транстелеком» АҚ бизнесті қолдау үшін ТЖ кезінде ФДО қызметі үшін өтеусіз абоненттік төлем белгіледі.
  • «Транстелеком» АҚ еліміздегі барлық колледждерді онлайн-режимде оқу процесін автоматтандыру бойынша өнімге қосу бастамасында «Platonus» ЖШС-ге қолдау көрсетті. Бұл шешім бизнеске ТЖ және карантин режимінде көмек көрсету аясында қабылданды. «Platonus College» сервисі қашықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігінсіз қалған Қазақстанның барлық колледждеріне тегін берілді.
  • «Транстелеком» АҚ ТОБЖ құрылысын госпиталь жұмысының басталуына және алғашқы пациенттердің келуіне бірнеше күн қалғанда аяқтады. Салынған ТОБЖ COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұктырған науқастарға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын 200 төсек-орынға сымсыз интернетке, телефонияға қосуға, дәрігерлер мен пациенттердің байланыс қажеттіліктері үшін сымсыз Wi-Fi технологиясын пайдалануға мүмкіндік берді.
  • Қоғамның Директорлар кеңесі «Транстелеком» АҚ Басқармасының жаңа төрағасы – Елнар Русланұлы Адайбековты тағайындау туралы шешім қабылдады.
  • «Транстелеком» АҚ өз облигациялары бойынша (KZ2C00006344, KASE негізгі алаңы, ««блигациялар» санаты, TCOMb1) 575 000 мың теңге мөлшерінде бірінші купондық сыйақы төледі.
  • «Транстелеком» АҚ «Дегдар» гуманитарлық қорымен, «Technodom», «Астана-Моторс» мотор компаниясы» компанияларымен, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ-мен, сондай-ақ «Аяла» жеке қайырымдылық қорымен, Дмитрий Самарцевтың, Рустам Баялиевтың, Диас Оспановтың тұлғасында Қазақстандағы BI.ZONE компаниясымен және медициналық жабдықты (қазақстандықтар 300 оттегі концентраттарын және 26 ӨЖЖ аппараттарын) сатып алуға септігін тигізген қайырымдылық науқанының басқа да қатысушыларымен бірлесіп өткізілетін «ZHANARTU» қайырымдылық қорының науқанына қатысты.
  • «Транстелеком» АҚ 500 теңгеден басталатын ТТС TV тақырыптық тарифтік жоспарларын іске қосты – қазақстандықтар үшін тиімді ұсыныс! ТТС TV жыл соңына дейін науқандық бағамен 4 тақырыптық тарифтік жоспарды ұсынады.
  • «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 429 ауылдық елді мекенді интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке қосу бойынша «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы аяқталды.
  • «Транстелеком» АҚ 6 000 км жуық талшықты-оптикалық байланыс желілерін салды және Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікке 1 222 әлеуметтік объектіні (мектептер, ауруханалар, авариялық қызметтер, ҚР Ұлттық қорғаныс объектілері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің объектілері, құқық қорғау органдарының объектілері, жергілікті әкімшіліктер) қосты. Осы жобаның әлеуетті қамтылуы шамамен 40 мың абонентті құрады.
  • «Транстелеком» АҚ Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығының нұсқасы бойынша үздік HR-тәжірибесі бар топ-38 компанияның қатарына енді.
  • Транстелеком цифрлық телевизияны пакеттік шешімдердің бөлігі ретінде көрсету арқылы телевизия – ТТС TV сервисін дамытады.
  • Компанияға 21 жыл! 21 – кейбір елдерде бұл кәмелеттік жасы.
  • «Цифрлық Қазақстан – 2020» бағдарламасы бойынша Қоғам «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын іске асырды. Жобаны іске асыру аясында Қоғам талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы 19 елді мекенді қосты.
  • Транстелеком Ethernet, SIP телефония, SIP TRUNK технологиясы және телевизия бойынша интернет желісіне Нұр-Сұлтан қаласындағы Abu-Dhabi Residences ірі объектісін қосты, оның ішінде Abu-Dhabi Residences элит-класының апартаменттері орналасқан.