Компанияның профилі
«Транстелеком» акционерлік қоғамы («Транстелеком» АҚ, Қоғам) IT, байланыс, автоматика және энергетика саласында телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграциялауға маманданған Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі болып табылады.
«Транстелеком» АҚ қайта тіркеуге дейін «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамы» деп аталған, бұрын – «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 1998 жылғы 16 маусымдағы № 426 – Ц «Сигнализация және байланыс шаруашылығын басқару жүйесін оңтайландыру туралы» бұйрығына сәйкес құрылған, кейіннен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 135 бұйрығымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 тамыздағы № 1101 қаулысының негізінде «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды.
Қоғам «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының барлық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагері болып табылады. «Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес теңгерімі, банктік шоттары бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып ала алады және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқара алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Компанияның қызметі «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 13 шешімімен бекітілген Жарғының шеңберінде жүзеге асырылады, ол оның ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындайды.
«Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
- коммерциялық қызметтен пайда алу және оны акционерлердің мүддесіне пайдалану;
- Қазақстан Республикасының аумағында заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді құру және оларды ІТ-технологиялардың әлемдік желісіне интеграциялау;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі тұтынушыларға озық технологиялардың әртүрлі түрлерін ұсыну.
Компанияның бірінші кезектегі міндеті желілерді дамыту және жаңғырту арқылы Қазақстан аумағында байланыс және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру болып қала береді.
«Транстелеком» АҚ еліміздің барлық аумағында 14 филиалдан тұратын сервис желісі, 3 дата-орталықтан тұратын меншікті желісі, сондай-ақ байланыс орталықтары бар.
Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05H9A7, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 10-үй.
