Жылдық есеп • 2020
06. Корпоративтік басқару

Сапаны
басқару

Біріктірілген менеджмент жүйесі

Клиенттерге бар қызметтерді ұсына отырып және жаңа ақпараттық-коммуникациялық сервистерді дамыта отырып, Қоғам дәстүрлі түрде оларға нарықтағы бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ету үшін өз қызметтерінің сапа деңгейіне елеулі назар аударады.

Біздің Қоғам ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 50001:2018, ISO/IEC 20000-1:2011, СТ РК ISO/IEC 27001-2015, ISO 45001:2018 менеджмент жүйелері саласында басқару жүйесін дамыту және жұмыс жағдайында қолдау есебінен корпоративтік басқарудың халықаралық талаптарына және менеджменттің озық технологияларына сәйкес келуге ұмтылады.

2020 жылы Қоғам ISO 9001:2015 халықаралық стандартының нұсқасы бойынша инспекциялық аудиттен өтті.

2020 жылы Қоғам ІЅО 14001:2015 халықаралық стандартының нұсқасы бойынша инспекциялық аудиттен өтті.