Жұмыс орнындағы қауіпсіздік
Денсаулықты сақтау
Денсаулық үшін қауіптердің, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың алдын алу – бұл біздің компаниямыздың тұрақты стратегиясының негізгі элементі және біздің бизнес-процестеріміздің ажырамас бөлігі. Еңбекті қорғау және техникалық тәуекелдерді табысты басқару біздің қызметкерлеріміз бен активтерімізді қорғауда маңызды рөл атқарады, сол арқылы компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
2019-2020 жылдардағы жарақаттанушылықты талдау.
| Атауы | 2019 | 2020 |
|---|---|---|
| Жазатайым оқиғалардың жалпы саны | 3 | 0 |
| оның ішінде жеңіл; | 1 | 0 |
| оның ішінде ауыр; | 2 | 0 |
| оның ішінде өліммен аяқталған | 0 | |
| оның ішінде мүгедектікке алып келген | - | 0 |
| оның ішінде топтық | - | 0 |
| Зардап шеккендер саны | 3 | 0 |
| Еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны | 337 | 0 |
| Материалдық залал (мың теңгемен): | 1 737 | 0 |
| Еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер (мың теңгемен); | 1 737 | 0 |
| Біржолғы төлемдер (мың теңгемен) | - | 0 |
| 3 жыл ішінде жалпы материалдық залал (мың теңгемен) | 31 815 | |
«Транстелеком» АҚ өзінің менеджмент жүйесінің ISO 45001:2018 жаңа халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады. ISO 45001:2018 талаптарын енгізу бойынша жұмыс 2020 жылдың басынан бастап қазан айында біріктірілген менеджмент жүйесінің (ББЖ) инспекциялық аудитін ұйымдастыруға дейін әзірленген іс-қимыл бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды, оның шеңберінде жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкестік сертификаты алынды. Бұл аудитті «Русский регистр» ЖШС сертификаттау жөніндегі тәуелсіз органы жүргізді.
COVID-19 пандемиясы жағдайында денсаулықты сақтау
Қоғам қызметкерлердің жұмысы денсаулыққа, әсіресе COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы жағдайында белгілі бір қауіптермен байланысты екенін түсінеді. «Транстелеком» АҚ өзіне заңнамалық нормалардың талаптарымен шектелмей, осы тәуекелдерді басқаруда жоғары стандарттарға қол жеткізу міндеттемесін алды. Осылайша, COVID-19 таратпау алгоритмі әзірленді және енгізілді, онда жұқтырумен байланысты оқиғалар туындаған жағдайда қызметкерлердің әрекеттері жазылған.
2021 жылға арналған ЕҚжЕҚҚ стратегиялық жоспарлары
- Қоғамда «нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын қолдау
- Қауіптерді сәйкестендіруді және қауіптерді бағалауды жоспарлы жүргізу
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің процестерін цифрландыруды дамытуға қатысу
- Қоғам шеңберінде ЕҚжЕҚ бойынша білімді тексеру жүргізудің цифрлық форматын енгізу
- ДСЕҚ-ның жай-күйі бойынша Қоғам филиалдарының рейтингін жүргізу
- Корпоративтік университет қызметі шеңберінде басшы және жауапты қызметкерлерді оқытуда ЕҚжЕҚҚ-ның қатысуы
- Қоғамда қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу
- ЕҚжЕҚҚ ішкі нормативтік құжаттарын өзектендіру
- Актуализация внутренних нормативных документов СБиОТ.
2020 жылғы COVID-19 статистикасы
ЕҚжЕҚҚ стратегиялық жоспарлары
ЕҚжЕҚ басқару жүйесінің талаптарына сәйкестік
ЕҚжЕҚ саласындағы көшбасшылық және бақылау
Технологиялық қауіпсіздік
Тәуекелдерді басқару
Заңнамалық талаптарды орындау
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кадрлық резерв және таланттар пулы
2020 жылдың басында «Транстелеком» АҚ негізгі лауазымдарға тағайындау үшін, жобаларға қатысу үшін, қызметкерлерді ішкі жаттықтырушылар ретінде оқыту үшін Қоғамның перспективалы жұмыскерлері қатарынан 123 адам мөлшерінде кадрлық резерв және таланттар пулы қалыптастырылды.
2020 жылы «Транстелеком» АҚ резервшілерінің 34%-ы ротацияланды. Тік өсу – басшылық лауазымға ротацияны 32 қызметкер алды, оның ішінде лауазымдарға: атқарушы директор – 1 қызметкер, басқарушы директор – 2 қызметкер, коммерциялық директор – 4 қызметкер, техникалық директор – 2 қызметкер, бизнес-серіктес – 4 қызметкер, жолдама басшысы – 6 қызметкер, қызмет/учаске бастығы – 4 қызметкер; Қоғамның әртүрлі жобаларына қатысу үшін кадр резервінен 10 қызметкер көлденең өсуді алды.
Әлеуметтік саясат
«Транстелеком» АҚ әлеуметтік саясаты ынталандыру құралы ретінде қызметкерлердің қанағаттанушылығына тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде Қоғам қызметінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. «Транстелеком» АҚ әлеуметтік саясаты Қоғам қызметкерлерінің өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға (қызметкерлер, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар және т.б.) көмек көрсетуге және қолдау көрсетуге, персоналдың қанағаттану көрсеткіштерін арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік жеңілдіктерге
арналған шығыстар
мың теңге
Расходы на социальные льготы за 2019 жыл — 542 566 мың теңге
2019 жылмен салыстырғанда
әлеуметтік жеңілдіктерге шығыстар
%
1 қызметкеріне жұмсалатын
орташа шығындар
мың теңге
«Транстелеком» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шартта материалдық көмек түрінде әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыттары көзделген:
- қызметкерлерге: мерейтой күнінің басталуымен, баланың тууына, некені тіркеуге, тістерін протездеуге, сауықтыруға және емделуге, жерлеуге, күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты материалдық көмек, медициналық сақтандыру;
- балалары бар қызметкерлерге: балаларды мектепке дайындауға, Балаларды қорғау күніне, 1 қыркүйекке, Отбасы күніне, Мүгедектер күніне, балалар мерекелеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
- Қоғамда есепте тұрған зейнеткерлерге: мерейтой күнінің басталуымен, ҰОС қатысушыларына және 9 мамырға теңестірілгендерге, Байланыс және ақпарат күні, Қарттар күні, Жаңа жыл мерекелеріне төлемдер.
Бұдан басқа, қызметкерлер үшін жеңілдіктердің жаңа түрлері енгізілді: дарынды балаларды оқытуға ақы төлеуге, мүгедек баланы оңалтуға және сауықтыруға, шығармашылық конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысуға, зейнетақы жасына келгенге дейін 3 жыл бұрын қызметкерлерді қысқарту кезінде өтемақылар.
2020 жылғы әлеуметтік шығындар
ТТС GREEn University корпоративтік университеті
оқыту іс-шаралары
оқытылған қызметкерлерді қамту
онлайн іс шара
филиал қызметкерлерінің қамтылу %
іске асырылған курс
ішкіжаттықтырушы
сыртқы спикер
TTC GREEn University Корпоративтік университеті (бұдан әрі – КУ) шеңберінде оқудан өткен және өз бетінше оқу курсын әзірлеген 19 ішкі жаттықтырушы даярланды. Олар КУ базасында пилоттық курстар өткізді.
2020 жылы 65 оқыту іс-шарасы өткізілді, оның 37-сі – онлайн режимінде; барлығы біз 22 курсты іске асырдық, бұл ретте оқытылған қызметкерлерді қамту – 2 423 адамды құрады, оның ішінде 21%-ы компания филиалдарының өкілдері.
Ішкі жаттықтырушылардың күшімен компанияның «CCNA – базалық деңгей», «Жобаларды басқару негіздері», «ISO 2001 – жаңа жүйелердің аудиті», «Pullсатылымдар, «Сатылымдар – психологиялық «Иә», «Өзгертулерді басқару», «Клиенттермен жұмыс істеу дағдылары», «Қауіпсіз әзірлеудің өмірлік циклі – SDL», «Сенімдермен жұмыс істеу», «Коммуникацияның корпоративтік дағдылары», «Жобалау менеджері үшін техникалық ерекшелікті әзірлеу», «Телефон сату техникасы. Телефон арқылы сату», «Клиентті қалай ұстап қалуға болады», «DWDM технологиясы», «ОРР-ді сәтті өткізуге арналған байланыс құралдары», «Ақпараттық қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру» және т.б.
Курстарды өткізуден үнемделген қаражат 2020 жылға оқу шығындарының жалпы бюджетінің 26%-ын құрады.