Жылдық есеп • 2020
03. Операциялық қызмет

Қоғам жобалары

ТТС TV қызметі

TTC TV – қызмет провайдері немесе оның дистрибьюторы ұсынатын TV плеер арқылы, сондай-ақ Smart TV, IOS, Android құрылғыларына арналған мобильді қолданбалар арқылы қолжетімді цифрлық телевизия қызметі.

ОТТ пайдаланатын абоненттердің санының өсуі

Желтоқсан, 2020
7 622
Желтоқсан, 2019
421
Қараша, 2019
15

Бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталық (бұдан әрі – БААО)

Орталық халыққа еліміздің теміржол вокзалдарында ақпараттық-анықтамалық қызметтердің кең спектрін ұсынады.

01.01.2020-31.12.2020 жылдар аралығында анықтама қызметіне тіркелген байланыс абоненттерінен барлығы

739 150
қоңырау

келіп түсті

94,80%

қызмет көрсетілгендер

700 110
5,20%

қызмет көрсетілмегендер

38 421

«Service Management Automation Х» жобасы

2020 жылы «Транстелеком» АҚ-да IT-қызметтерді басқару үшін жаңа бағдарламалық жасақтамаға көшу және IT процестерінің реинжинирингін жүргізу туралы шешім қабылданды.

SMAX АЖ – бұл IT-қызметті басқарудың және пайдаланушыларға IT-сервистерді ұсыну процестерін автоматтандырудың кешенді жүйесі. Шешім ITSM-тәсілге және ITIL-дің озық тәжірибесі кітапханасының ұсынымдарын қолдауға толық сәйкес келді.

Micro Focus өнімдерінің портфелі гибридті IT-инфрақұрылымын құруға, қолданбаларды әзірлеу мен тестілеуден бастап қызметтер каталогын, инциденттерді, тәуекелдерді басқаруға, болжамды аналитика деректерін қалыптастыруға дейінгі барлық бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманың кең спектрін қамтиды. Компания шешімдерінің негізгі пайдаланушылары ірі корпоративтік тапсырыс берушілер: банктер, авиақұрылыс концерндері, автомобиль өндірушілер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар болып табылады. Корпорация 15 000-нан астам клиенттің шешімдерін жеткізеді, оның ішінде Fortune 100 тізімінен 98 компанияға.

SMAX АЖ-ны сәтті енгізу қызмет көрсетуге сұрауларды, инциденттерді, проблемаларды, конфигурацияларды, өзгерістерді, білімді, қызмет деңгейі туралы келісімді және қызметтер каталогын басқару процестерін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда құрылған SMAX АЖ жүйесінде бірінші қолдау желісінің 60-тан астам маманы және екінші қолдау желісінің 600-ге жуық маманы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру барысында Zabbix мониторинг жүйесімен, Unify Open Scape конвергентті коммуникациялық жүйесімен, Active directory және басқа да сыртқы жүйелермен интеграция жүргізілді, сондай-ақ «Транстелеком» АҚ ішкі клиенттері мен клиенттері үшін өзіне-өзі қызмет көрсету порталы құрылды.

«SMAX» жаңа ITSM-жүйесін енгізу шеңберінде «Транстелеком» АҚ қызметкерлері арасында оқыту жүргізілді. Оқуды аяқтағаннан кейін «Транстелеком» АҚ-ның 20 қызметкері сертификат алды, енді «Транстелеком» АҚ «SMAX» жүйесінің қызметтерін алатын басқа компанияларға техникалық қолдау көрсете алады.

«Транстелеком» АҚ-да
«Фискалдық деректер операторы
қызметін енгізу»

ФДО ақпараттық жүйесі әрбір БКМ фискалдық белгісі бар қолма-қол ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты қабылдайды, жүйелейді, жинақтайды және өзгеріссіз түрде сақтайды және осы деректерді ҚР ҚаржыМині Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) жүйесіне береді.

ФФДО қызметі толығымен автоматтандырылған және оған қосылу www.OFD1.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. ФДО қызметі іске қосылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Қоғам ФДО қызметіне ай сайынғы абоненттік төлемнің құнын ҚҚС-ты ескере отырып, 1 400 теңге мөлшерінде белгіледі.

ФБүгінгі таңда ФДО қызметі коммерциялық пайдалануға сәтті енгізілді және 2020 жылдың қорытындысы бойынша ФДО қызметінен түсетін кірістер жоспары 11%-ға асыра орындалды.

БКМ-ФДО-МКК өзара
іс-қимылының тұжырымдамалық
схемасы

20
қызметкері

«SMAX» атты жаңа ITSM жүйесін
енгізу аясында оқытудан өтті


ФДО қызметтері бойынша кірістер ҚҚС-ты ескере отырып 387 млн теңгеден асты бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден 120 есе жоғары


тіркелген БКМ саны шамамен 13 есеге (немесе 1 200%-ға) артып 135 342 бірлікті құрады


тіркелген клиенттер саны 5,9 еседен астам өсіп (немесе 392%-ға) 135 635 ұйымды құрады