Жылдық есеп • 2020
02. Стратегиялық шолу

Бизнес-шолу және
қоғам позициясын
бағалау

Төменде Business Model Canvas форматындағы
ағымдағы TTC бизнес моделінің сипаттамасы берілген

Бизнес-модель

TTC негізінен корпоративті және мемлекеттік сектордың клиенттері үшін ірі жобаларды іске асыруды көздейтін жобалық бизнес-модельді қолданады. Қоғамның 2019-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы аралас жобалық-өнімдік бизнес-модельге көшуді көздейді.

Қоғамның ұстанымын және оның даму перспективаларын бағалау

2023 жылға дейінгі Даму стратегиясы шеңберінде Қоғам төрт негізгі стратегиялық бағытқа зейін қояды:

  • B2C сегменті, онда Қоғам double және triple-play қызметтерінің біріккен абоненттік базасында қосымша сату есебінен осы нарыққа экспансиясын арттырады және жалғастырады, сондай-ақ абоненттерге жаңа қызметтер жиынтығын ұсыну – бұлттық қызметтер және маркетплейс арқылы сатылатын серіктестердің АКТ емес қызметтері;
  • B2B/B2G сегменті онда Қоғам өзінің бизнес моделін клиенттердің салалық белгісі мен мөлшері бойынша қалыптастырылған пакеттік форматтағы қызметтердің кең жиынтығын тұтынушыларға ұсынуға қарай өзгертуге тырысады;
  • B2O сегменті, онда Қоғам қызметтердің құнды ұсыныстарын қалыптастыруға баса назар аударады, онда қызметтер мен клиенттік сервистің сапасын жетілдіру арқылы бәсекелестерден ерекшеленіп, сегменттегі жалғасып жатқан баға бәсекелестігі жағдайында көрсетілетін қызметтердің бағаларын сақтай алады;
  • жаңа шешімдер сегменті, онда Қоғам XaaS ұсынатын қызметтердің спектрін кешенді қызметтер мен олардың пакеттерін ұсыну, сондай-ақ SaaS қызметтері мен жазылым бағдарламалық жасақтамасын жаппай ұсыну бағытында кеңейту тұрғысынан басқа стратегиялық бағыттар үшін ұсынылатын бұлтты қызметтер спектрін кеңейтетін болады. Сондай-ақ, осы бағыт шеңберінде Қоғам ақпараттық қауіпсіздік, «Заттар интернеті», big data және бизнесті цифрландыру сияқты жаңа нарықтарда өз құзыреттерін арттыратын болады.

Қоғамның функционалдық стратегиялары

Өзгерістерді басқару жөніндегі кеңес 2020 жылдың 20 қарашасында B2B, B2C, B2G, B2O, B2R сегменттері және теміржол саласында бизнесті дамыту сегменті бойынша Қоғамның функционалды стратегияларын мақұлдады. Функционалды стратегияларды әзірлеу кезінде жалпы, жобалық және гибридті тәсілдер қолданылды.