Мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, «Транстелеком» АҚ өз қызметінің ашықтығы мен айқындығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Қоғам мүдделі тараптардың сұраулары мен тілектеріне жауап бере отырып, өз қызметінің барлық аспектілері бойынша маңызды ақпаратты уақтылы ұсына отырып, барлық мүдделі тараптармен белсенді қарым-қатынас жасайды.
«Транстелеком» АҚ-ның
мүдделі тараптармен өзара
іс-қимылға көзқарасы
Әлеуметтік әріптестік, өзара тиімді ынтымақтастық, құрмет, ашықтық және сенім – мүдделі тараптармен кез келген өзара іс-қимыл процесінде Қоғам басшылыққа алатын негізгі ережелер.
Мүдделі тараптар картасы
Стейкхолдерлер картасында Қоғамның қандай да бір стейкхолдерге әсер етуінің үш концентрлік саласы ерекшеленеді:
Өкілеттік/жауапкершілік саласы
Осы салада Қоғамның тікелей бағынысындағы мүдделі тұлғалар анықталды.
Тікелей әсер ету аймағы
Бұл аймақта Қоғам тікелей әсер ететін мүдделі тұлғалар бар.
Жанама әсер ету аймағы
Бұл аймаққа Қоғам жанама әсер ететін стейкхолдерлер кіреді.
Қоғамның негізгі мүдделі тараптары: акционерлер, кәсіподақтар, тұтынушылар, жеткізушілер, қызметкерлер, мемлекеттік органдар, БАҚ және жергілікті қоғамдастықтар.