Жылдық есеп • 2020
05. Тұрақты даму

Қоршаған ортаны
қорғау

Экологиялық бастамалар және қоршаған ортаны қорғауға көзқарас

«Транстелеком» АҚ табиғат қорғау қызметі ҚР Экологиялық кодексіне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғам өз қызметімен қоршаған ортаға тікелей елеулі зиян келтірмейді және экология тұрғысынан әлеуетті қауіпті салаларда бизнес жүргізбейді. Дегенмен, Қазақстанның барлық аумағында жұмыс істейтін телекоммуникация және IT-технологиялар нарығындағы жетекші ойыншы ретінде Қоғам үшін қызметтің энергия тиімділігін арттыру, ресурс үнемдеу, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі міндеттер өзекті екенін түсінеміз.

2020 жылы қоршаған ортаны қорғау ұлттық заңнама талаптарын және қабылданған халықаралық міндеттемелерді сақтауға бағытталған әзірленген және бекітілген стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар шеңберінде қамтамасыз етілді. «Транстелеком» АҚ өзінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға және осындай әсерді басқару бойынша ең озық технологияларды қолдануға ұмтылады.

Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында өндірістік процестің барлық сатыларында Қоғамда ISO 14001 экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттары (бұдан әрі – ЭМС) және ISO 50001 энергетикалық менеджменттің стандарттары (бұдан әрі – ЭнМС) енгізілді.

Қоғам басшылығы Экология саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі жауапкершілікті өз мойнына алды, экологиялық менеджмент жүйесінің нәтижелілігін тұрақты арттыру міндеттемесін қабылдайды және Қоғамның әрбір қызметкері заңнамада белгіленген экологиялық талаптар мен нормалардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікті сезінетінін растайды. Телефон және телеграф байланысы қызметтерін, IP-телефония қызметтерін, телекоммуникация қызметтерін көрсету, байланыс желілерін құру және пайдалану саласында өз қызметін жүзеге асыра отырып, Қоғам өз қызметінің қоршаған ортаға әсер ететінін толық түсінеді.

2019-2020 жылдар кезеңінде нұсқамалық бақылаушы органдардан ескертулер түскен жоқ.

2020 жылы экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін салынған айыппұл санкциялары мен басқа да қаржылық емес санкциялар жоқ.

Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу

Ескіргендердің орнына жаңа технологияларды енгізе отырып, Қоғам ресурс үнемдейтін және экологиялық технологияларды артық көреді. Қоғам энергетикалық талдау жүргізді. Базалық 2019-2020 жылдары энергетикалық ресурстарды пайдалану мен тұтынуды талдаудан энергияны елеулі тұтыну салалары айқындалды: электр энергиясы, жылу энергиясы, отын. Сонымен қатар бұл энергия түрлері энергетикалық нәтижелілікті жақсарту үшін әлеуетін ұсынады.

Энергетикалық тиімділіктің негізгі индикаторлары (энергетикалық нәтижелілік көрсеткіші) мынадай көрсеткіштер қабылданды: ТОБЖ және ТТСиСН жабдықтары үшін электр энергиясын тұтыну, жылу энергиясын тұтыну, ТОБЖ және ТТСиСН қызмет көрсету кезінде автокөлікпен бензин шығындары, ТОБЖ және ТТСиСН қызмет көрсету кезінде автокөлікпен дизель отынының шығындары.

2020 жылы жылу
энергиясын жалпы тұтыну

4 360
Гкал

Электр энергиясын
нақты тұтын

12 729 196
кВт•сағ.

2020 жылғы ТТК бойынша энергетикалық тиімділік индикаторлары

Индикаторлар W ТОБЖ W ТТСиСН Q ж. э. V авто бенз. V авто диз.
Қаңтар 36,55 22,49 0,04 4,92 0,71
Ақпан 36,23 22,52 0,04 4,99 0,48
Наурыз 31,95 18,65 0,03 5,74 0,46
Сәуір 31,65 17,37 0,01 5,34 0,59
Мамыр 30,49 17,85 0,00 5,24 0,50
Маусым 31,64 19,09 0,00 5,12 0,26
Шілде 36,51 19,24 0,00 5,36 0,50
Тамыз 32,32 20,41 0,00 5,08 0,92
Қыркүйек 35,17 19,61 0,00 5,30 0,74
Қазан 29,39 19,58 0,02 5,60 0,92
Қараша 32,14 20,73 0,03 5,49 1,00
Желтоқсан 33,10 21,05 0,04 6,20 0,91
Жиыны/Орташа 33,10 19,88 0,02 5,37 0,67

Электр энергиясының индикаторы W ТОБЖ

ЖИЫНЫ нақты ТОБЖ

33,10

ЖИЫНЫ базалық ТОБЖ

31,56

2020 жылы (33,1) 2019 жылға (31,56) қарағанда W ТОБЖ индикаторының 1%-ға төмендеуіне қол жеткізілген жоқ, өйткені ТОБЖ электр энергиясын тұтыну 54 779,3 кВт•сағ.-қа 5 204 749,7 кВт•сағ.-тан 5 259 529 кВт•сағ.-қа дейін ұлғайды.

2019-2020 жылдардағы энергетикалық тиімділік мониторингі

ОЕР түрлері Өлш. бірл. 2019 жыл 2020 жыл Айырма (+/-) 2019 ж./2020 ж. Ауытқу, % 2019 ж./2020 ж.
Электр энергиясы кВт•сағ. 12 570 220 12 729 196 158 976 5,3
Жылу Гкал 4 428 4 360 - 68 11,45
Диз. отын тонна 130 523 106 081 - 24 442 8,81
Бензин тонна 852 520 860 617 8 097 0,95

Атмосфераға шығарындылар және климаттың өзгеруі

Телекоммуникация саласы басқа салалармен салыстырғанда қоршаған ортаға шамалы әсер етеді. Алайда, жаһандық және жергілікті экологиялық проблемалардың өсіп келе жатқан маңыздылығына байланысты «Транстелеком» АҚ өзінің алдына қоршаған ортаға тікелей және жанама әсерді барынша азайту арқылы өз қызметінен залалды өтеу үшін шараларды іске асыруды мақсат етіп қояды.

Экологиялық аспектіні басқару үшін компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылған, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Қоғам ISO 14001 халықаралық стандартына сәйкестікке сертификатталған және ЭМС-ті тұрақты жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Өндірістік қызмет шеңберінде Қоғамның барлық кәсіпорындары тиісті рұқсаттар алады, сондай-ақ жыл сайынғы негізде қадағалау органдарына статистикалық ақпарат ұсынылады.

2020 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы саны 790,4527 тоннаны құрады.

Қоғамның қызметі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне теріс әсер етпейді. Қоғамның мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің немесе қорықтардың аумақтарында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан объектілері жоқ.

2020 жылы тұтынылған
су мөлшері

14 417 м3

Газ тәрізді ластаушы заттардың шығарындылары 2020 жылғы филиалдар бөлінісінде

№ Филиалдар Нақты көлемі,
тонна
Қоршаған ортаға эмиссия
үшін сома, теңге
1 ОА 45,895 263 733,00
2 АстанаТТК 52,87 105 644,08
3 АлматыТТК 96,6447 188 480,00
4 АқтөбеТТК 81,75 266 909,00
5 АқтауТТК 37,335 121 351,00
6 АтырауТТК 28,807 156 574,41
7 ЖамбылТТК 56,8 130 170,00
8 ҚарағандыТТК 96,59 305 477,00
9 ҚостанайТТК 35,14 61 900,00
10 КөкшетауТТК 58,39 112 807,00
11 ҚызылордаТТК 34,005 61 618,00
12 ӨскеменТТК 36,77 67 007,00
13 ПавлодарТТК 43,695 117 564,00
14 СемейТТК 41,54 75 411,00
15 ШымкентТТК 44,221 79 902,45
Жиыны 790,4527 2 114 547,94

Ресурстарды үнемдеу

Жылдан жылға Қоғам өзінің кеңселері мен филиалдарындағы ресурстарды, атап айтқанда су мен қағазды орынды жұмсау арқылы өз қызметінің табиғатқа әсерін төмендетуді жалғастыруда.

Қағаз шығынын азайту электрондық құжат айналымы жүйесі мен электрондық қызметтік жазбалардың арқасында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, біз күнделікті жұмыста қағаздың орнына электронды құралдарды қолдануды қолдаймыз және барлық басып шығару және көшіру жабдықтарының әдепкі параметрлері үнемді режимде жұмыс істейді.

Қоғам қоғамдағы экологиялық мәдениетті адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігінің негізі ретінде алға тартады. Қоғам табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын және табиғатты сақтауға, оны зерттеу мен қалпына келтіруге бағытталған жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінің экологиялық бастамаларын белсенді қолдайды. «Транстелеком» АҚ қызметкерлері аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және тазалау бойынша жобаларға қатыса отырып, еріктілер ретінде жыл сайын мамыр айында сенбілік өтеді.

Қоғамның қызметі су жинауға айтарлықтай әсер етпейді, бірақ біз суды пайдалануды азайтуға ұмтыламыз.

Компанияның бөлімшелерін сумен жабдықтау үшін негізінен сумен жабдықтау ұйымдарының желілерінен су пайдаланылады. Су жинау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қорғауында болатын бастапқы екі көзден – жерасты суларынан (ұңғымалардан) және жер үсті суларынан (өзендерден, көлдерден, теңіздерден) жүргізіледі.

Компанияның бөлімшелері телекоммуникация қызметтерін ұсыну жөніндегі өндірістік процесте суды қайта қолдануды пайдаланбайды. «Транстелеком» АҚ суды тек санитарлық-тұрмыстық және шаруашылық қажеттіліктер үшін пайдаланады. Тұтынылатын суды есепке алудың орнатылған аспаптары техникалық түзетілген күйде ұсталады.