Жылдық есеп • 2020
06. Корпоративтік басқару

Қоғамның Директорлар
кеңесінің есебі

Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары

«Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2016 жылғы 04 тамыздағы шешімімен (№ 1 хаттама) бекітілген Қоғамның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) Қоғамдағы корпоративтік басқару акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидатына негізделген және Қоғамның тиімді қызметіне, оның ішінде Қоғам активтерінің өсуіне және Қоғамның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға септігін тигізеді.

Кодекстің негіз қалаушы қағидаттары:

  • акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
  • Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару қағидаты;
  • Қоғамның дербес қызметінің қағидаты;
  • Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі қағидаты;
  • заңдылық пен этика қағидаттары;
  • дивидендтік саясат тиімділігінің қағидаттары;
  • тиімді кадр саясатының қағидаттары;
  • қоршаған ортаны қорғау қағидаты;
  • корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;
  • жауапкершілік қағидаты.

Директорлар кеңесінің құрамы

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі жеті мүшеден: акционерлер тағайындайтын төрт мүшеден, сондай-ақ үш тәуелсіз директордан тұрады:

Директорлар кеңесінің мүшесі Сайланған күні Мәртебесі
Әлиев Нұрәлі Рахатұлы – Төраға 2019 жылғы 15 қараша Акционердің өкілі
Надыров Жанболат Орақұлы 2020 жылғы 3 тамыз Акционердің өкілі
Амрин Салмен Габдоллинович 2019 жылғы 15 қараша Акционердің өкілі
Покупателев Дмитрий Александрович 2020 жылғы 6 ақпан Акционердің өкілі
Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 2019 жылғы 15 қараша Тәуелсіз директор
Исекешев Ерлан Өрентайұлы 2019 жылғы 15 қараша Тәуелсіз директор
Өтемұрат Берік Мұстайұлы 2020 жылғы 6 ақпан Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстар саны және отырыстарға қатысуы

2020 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің Қоғамның Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысуы туралы ақпарат

ТАӘ Отырыстарға қатысу көрсеткіші, тағайындалған күннен бастап % Есепті кезеңде Директорлар кеңесі құрамында болу кезеңі
Әлиев Нұрәлі Рахатұлы 12-ден 12 100 01.01.20 — 31.12.20
Надыров Жанболат Орақұлы 6-дан 6 100 03.08.20 — 31.12.20
Амрин Салмен Габдоллинович 11-ден 12 92 01.01.20 — 31.12.20
Покупателев Дмитрий Александрович 11-ден 11 100 06.02.20 — 31.12.20
Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 11-ден 12 92 01.01.20 — 31.12.20
Исекешев Ерлан Өрентайұлы 12-ден 12 100 01.01.20 — 31.12.20
Өтемұрат Берік Мұстайұлы 11-ден 11 100 06.02.20 — 31.12.20
Рахул Гупта 0-дан 6 0 06.02.20 — 03.08.20

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтік тізімі

1985 жылғы 1 қаңтар туылған

Әлиев Нұрәлі
Рахатұлы


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2016 жылғы 4 тамыз

Білімі

  • 2001-2002 — Пеппердин университеті, Малибу, Калифорния штаты, АҚШ;
  • 2002-2003 — Халықаралық университет, Вена, Австрия;
  • 2003-2005 — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан;
  • 2006 — Техас университеті, McCOMBS бизнес мектебі, АҚШ.;
  • 2005-2006 — «ИМАДЕК» университеті, Вена, Австрия.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2003-2004 — «SUCDEN ET DENREES SA» корпорациясы, Франция, халықаралық сауда департаменті;
  • 2004-2005 — «Қант орталығы» АҚ, халықаралық бөлім басшысы / халықаралық бөлім басшысының орынбасары;
  • 2005-2006 — «Қант орталығы» АҚ – президент;
  • 2007-2010 — «Нұрбанк» АҚ – Директорлар кеңесінің төрағасы/ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары / Төрағаның орынбасары;
  • 2008-2013 — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – басқарушы директор – Басқарма мүшесі;
  • 2013-2014 — «Транстелеком» АҚ – президент;
  • 2014-2016 — Астана қаласының әкімдігі – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
1974 жылғы 18 сәуір туылған

Надыров Жанболат
Орақұлы


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2020 жылғы 3 тамыз

Білімі

  • 1998 — Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы, Қазақстан;
  • 2002 — Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Жезқазған, Қазақстан.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2002 — «КМТ» ЖШС – басқарма бастығы, бас директор;
  • 2002-2004 — «ТПК Азия» ЖШС – филиал директорының орынбасары;
  • 2005-2006 — «АМО» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2007-2008 — «Нұрбанк» АҚ – корпоративтік бизнес басқармасының бастығы;
  • 2007-2008 — «Нұрбанк» АҚ – басқарушы директор;
  • 2008-2010 — «Нұрбанк» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2010-2013 — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – өкілдік директоры;
  • 2013-2014 — «Транстелеком» АҚ – экономика және қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенттің м.а. – Басқарма мүшесі, бірінші вице-президенттің м.а. – Басқарма мүшесі;
  • 2016-2017 — «Транстелеком» АҚ – президент;
  • 2019-2020 — «Транстелеком» АҚ – Басқарма төрағасы.
1981 жылғы 30 қараша туылған

Амрин Салмен
Габдоллинович


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2019 жылғы 15 қараша

Жұмыс тәжірибесі

  • 2014-2016 — DBA B.S.D.O., Хьюстон, АҚШ – жобалау менеджері
  • 2017-2019 — «ҚМГ» ҰК» АҚ – жобалық басқару үйлестірушісі «Oil Constraction Company» ЖШС трансформациялау кеңсесінің басшысы;
  • 2019 – қазіргі уақытқа дейін — «ҚМГ» ҰК» АҚ – басқарушы директор, «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының директоры.
1984 жылғы 16 маусым туылған

Покупателев Дмитрий
Александрович


Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2020 жылғы 6 ақпан

Білімі

  • 2015 жыл — Jan Amos Komensky University, Чехия, MBA, Жалпы және стратегиялық менеджмент (ҚРҰБ жанындағы АӨҚО Академиясымен ынтымақтастық шеңберінде);
  • 2006 жыл — Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университеті, Санкт-Петербург.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2006-2009 — «Казкоммерцбанк» АҚ – шағын және орта бизнестің 1-санаттағы менеджері;
  • 2009-2010 — «Казкоммерцбанк» АҚ – аудитор;
  • 2010-2011 — «Teмiрбанк» АҚ – Кредиттік тәуекелдер басқармасы бастығының орынбасары, бас тәуекел-менеджер;
  • 2011-2012 — «Teмiрбанк» АҚ – Кредиттік тәуекелдердің әдіснамасы және талдау басқармасының бас тәуекел-менеджері;
  • 2012-2014 — «Teмiрбанк» АҚ – Проблемалық кредиттермен жұмыс жүргізу департаментінің Әдіснама және талдау басқармасының бастығы;
  • 2014-2015 — «Сбербанк России» АҚ ЕБ – Проблемалық активтермен жұмыс жөніндегі басқарманың талдау, әдіснама және есептілік бөлімшесінің бастығы;
  • 2015-2017 — «Food Invest Group» – бас директордың орынбасары;
  • 2017 – қазіргі уақытқа дейін — «Sigma Advisors» ЖШС – Басқарушы директор, Дью дилидженс тобы.
1973 жылғы 22 желтоқсан туылған

Досмұқаметов Қанат
Мұхаметкәрімұлы


Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2016 жылғы 4 тамыз

Білімі

  • 1994 — Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2000-2003 — ҚР Ұлттық Банкі (Астана қ.) – ҚР Ұлттық Банкінің Үйлестіру басқармасының бастығы; ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаменті директорының орынбасары;
  • 2004-2006 — Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі – төрағаның орынбасары;
  • 2006-2007 — «SAFC» инвестициялық компаниясы – басқарушы директор;
  • 2007 — «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2007-2009 — «Delta Bank» АҚ – Басқарма төрағасы;
  • 2009 — «Deloitte TCF» ЖШС – басқарушы директор;
  • 2009-2012 — ҚР Қаржы министрлігі – Қазынашылық комитетінің төрағасы;
  • 2012 — «Самұрық-Қазына» АҚ – басқарушы директор;
  • 2012-2015 — Еуразиялық даму банкі – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2015 — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2016 — «Полиметалл Евразия» ЖШС – бас директор.
1968 жылғы 1 шілде туылған

Исекешев Ерлан
Өрентайұлы


Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2016 жылғы 4 тамыз

Білімі

  • 1992 — Алматы энергетикалық институты;
  • 2003 — «Тұран» университеті;
  • 2010 — «НЕС» француз бизнес мектебі, Париж қ.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2000-2002 — «Астана энергосервис» ЖШС – директордың орынбасары;
  • 2002-2005 — «Қарағанды Жылу» ЖШС – коммерциялық директор;
  • 2005 — «Қарағанды Жарық» ЖШС – бас директор;
  • 2005-2007 — «Қарағанды Жылу» ЖШС – бас директор;
  • 2007-2008 — Қарағанды облысының әкімдігі – әкімнің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • 2008 — «KazynaCapitalManagement» АҚ – «Ithmaar Kazyna CIS Regional Energy Fund» энергетика саласындағы Инвестициялық қорды құру және дамыту мәселелері жөніндегі Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 2009-2011 — «Falah Partners» инвестициялық қоры – басқарушы серіктес;
  • 2009-2012 — «Самұрық-Энерго» АҚ – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2011 жыл – қазіргі уақытқа дейін — «ISS Corporation» ЖШС – көпсалалы холдинг компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы.
1980 жылғы 26 наурыз туылған

Өтемұрат Берік
Мұстайұлы


Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2020 жылғы 6 ақпан

Білімі

  • 2003 — KIMEP университеті (бұрын – ҚМЭБИ);
  • 2013 — Лондон бизнес мектебі (London Business School), Лондон қ., Ұлыбритания.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2003-2004 — ERNST & YOUNG – аға аудит қызметкері;
  • 2004-2007 — PARAGON DEVELOPMENT, қаржы директоры;
  • 2007-2008 — «Қазына» тұрақты даму қоры – Корпоративтік қаржы департаментінің директоры, бас менеджер;
  • 2008-2009 — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – Корпоративтік қаржы департаментінің директоры;
  • 2009-2010 — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • 2010-2011 — «БТА Банк» АҚ – Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;
  • 2012-2013 — Қазақстан Республикасының Үкіметі – Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі (штаттан тыс);
  • 2013-2014 — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – төрағаның кеңесшісі;
  • 2014-2016 — Ұлттық инвестициялық корпорация – Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2017 – қазіргі уақытқа дейін — ND CAPITAL – басқарушы серіктес.